Жетісу облысында тамыз айынан бастап, қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақсыз. Бүгінде алғашқы нақтамамен 812 жағдай тіркеліп, оның 576 расталды.
Қосымша жаппай иммундаумен облыста 37 433 адам қамтылды, оның ішінде 6-10 айлық сәби – 3625, 2-4 жастағы бала – 26 049, медициналық қызметкер – 3577, екпелерді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі тұрғын – 4182.
Құрметті ата-аналар! Қызылшаның ең тиімді алдын алу жолы – вакцинация. Әр қосымша доза иммунитетті нығайтатынын ескеріп, екпе алуға шақырамыз!