Жетісу облысының бірнеше тұрғынына халықаралық іздеу жарияланды

Арайлым Нұржапар
Disclosure: This website may contain affiliate links, which means I may earn a commission if you click on the link and make a purchase. I only recommend products or services that I personally use and believe will add value to my readers. Your support is appreciated!

2004 жылы 23 қаңтарда Ескелді ауданында ауыр қаржылық қылмыс орын алды. Аталған ауданның «Қазпочта» ААҚ кассирі Гүлбану Бәзілбаева Қанат Исабаевпен сөз байласып, қызмет бабын асыра пайдаланды және зейнетақы мен жалақыға бағытталған қаражатты заңсыз пайдаланды деп айыпталған. Айыпталушы касса қорынан аса ірі сома – 22 миллион теңге ұрлаған. Қазіргі уақытта оларға халықаралық іздеу жарияланып, «Қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Ербол Құрманбаев айтты.
Сондай-ақ спикердің айтуынша, Қазақстан Республикасының азаматы Дәурен Төлебаевқа қатысты қосымша қылмыстық іс қозғалды. Жетісу облысы Панфилов ауданының тумасы «Қорғас» және «Қалжат» кеден бекеттері арқылы контрабандамен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған. 2007 жылдан 2011 жылға дейін әрекет еткен Төлебаев пен оның сыбайластары ауыр қылмыстар жасап, қылмыстық қоғамдастық құрған. Қазір ол қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүр.
Қаржылық қылмыстары үшін бұл тұлғалар халықаралық іздеуде. Іздестіріліп жатқан адамдардың орналасқан жері анықталған не ықтимал орналасқан жері туралы ақпарат алынған жағдайда Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне хабарласуды сұрайды. Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі.

Share This Article
Leave a Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *