Қоғам

Алматы облысында 260-қа жуық адам грант алды

Биыл облыс бойынша кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 303,6 млн. теңгеден астам сомаға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 259 грант берілді.

Грант алушылардың бірі — Жалғасбек Сырлыбаев, Іле ауданы Покровка ауылының тұрғыны. Биыл халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азамат (мүгедектігі бар адам) өз ісін, атап айтқанда гипс бұйымдарын өндіру идеясын алға тарты, бұл идеяға тұрғындардың сұранысы түрткі болды.

Сондықтан Іле ауданының тұрғыны құжаттарды тапсырып, 400 АЕК көлемінде жаңа бизнес — идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алды.

Грант есебінен ол гипс бұйымдарын жасау үшін қажетті технологиялық жабдықты сатып алды.

Қазіргі уақытта өндіріс жолға қойылған. Өнімге деген сұраныстың болуына байланысты өндірісте қосымша екі тұрақты жұмыс орны ашылды.

Related Posts

Жетісу облысы

Талдықорғанда жүзуге тыйым салынған 8 орын табылды

Жаз айларының аптап ыстығында бос уақытын жағалауда өткізгісі келетіндердің қарасы қалың болары сөзсіз. Алайда, әрбір демалушы қауіпсіздік шарасын қаперде ұстағаны абзал. Талдықорғанда өткен  жылдың 7 айында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 1
Қоғам

Алматы облысында 2200-ден астам радиотехника есепте тұр

Бұқара жылдам интернетті талап еткенімен, кейбірі байланыс операторларының арнайы мұнараны орнатуына қарсылық көрсетеді. Ғылыми түрде радиофобия деп аталатын, бұл қорқыныштың қоғамға әсері қандай? Алматы облысы өңірлік коммуникациялыр қызметі алаңында өткен
Қоғам

Жетісу облысында көгілдір отынмен халықты қамту көрсеткіші артып келеді

Талдықорған қаласы бойынша тағы 4 мың учаске табиғи газбен қамтылмаған. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов айтуынша, облыс орталығының көпқабатты тұрғын үй секторына 822 көпқабатты үй
Қоғам

Жетісу облысына  ҚР Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек арнайы іссапармен келді

Жетісу облысына  ҚР Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек арнайы іссапармен келіп, жұртшылықпен жүздесті. Жиында өңірдегі спорттың дамуы жөнінде сөз қозғалып, саладағы кемшіл тұстар да айтылды. Жыл басынан бері Жетісу