Жаңалық

«Баланың тұйықталуы жай мінез емес»: Іле ауданында ата-аналарға маңызды ескерту жасалды

Іле ауданында 69 мыңнан астам оқушы білім алады. Мамандар ата-аналарды баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді елемей қалмауға шақырып отыр.

Іле ауданында балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр, деп хабарлайды Alatau24.kz.

Ауданда 58 мектеп бар. Оның 44-і мемлекеттік, 14-і жекеменшік. Бұл білім беру ұйымдарында 69 мыңнан астам бала оқиды.

Мектептерде педагог-психологтер оқушылармен жеке және топтық жұмыс жүргізіп, олардың эмоционалдық жағдайын бақылауға тырысады. Қажет болған жағдайда ата-аналар, мұғалімдер және басқа да мамандар іске тартылады.

Мамандар әсіресе баланың мінез-құлқындағы күрт өзгерістерге мән беруге кеңес береді. Тұйықталып қалу, бұрын ұнатқан ісіне қызықпау, көңіл күйінің ұзақ уақыт төмен болуы, жалғыздық немесе үмітсіздік туралы жиі айту назардан тыс қалмауы керек.

Іле ауданы әкімінің орынбасары Асқар Садықов ата-ананың баламен ашық сөйлесуінің маңызына тоқталды.

«Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – баршамызға ортақ жауапкершілік. Әрбір бала өзін қауіпсіз сезініп, оны тыңдайтын, түсінетін және қолдайтын адамдар бар екенін білуі керек. Ата-аналар балаларымен көбірек уақыт өткізіп, олардың көңіл күйіне, ішкі толғаныстарына және құрдастарымен қарым-қатынасына назар аударғаны жөн. Кейде шын жүректен сөйлесу мен қарапайым адами қолдаудың өзі үлкен маңызға ие. Біздің міндетіміз – отбасы, мектеп және қоғамның күш-жігерін біріктіріп, балалар мен жасөспірімдердің қиындықтарын дер кезінде байқап, оларды шешуге көмектесу», – деді Асқар Садықов.

Балалардың психологиялық жағдайына буллинг пен кибербуллинг те кері әсер етуі мүмкін. Құрдастарының қорлауы, кемсітуі немесе интернеттегі қудалау байқалса, оны «балалардың арасындағы әңгіме» деп елемей қоюға болмайды.

Ауданда қиын жағдайға тап болған отбасылармен «Жанұя» отбасын қолдау орталығы да жұмыс істейді. Орталық мектептермен және тиісті мекемелермен бірге балалар мен ата-аналарға қажетті көмек көрсетуге атсалысады.

Балалар мен ата-аналар көмек қажет болған жағдайда 111 бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады. Ал өмірге тікелей қауіп төнсе, шұғыл қызметтерге дереу жүгіну керек.

Мамандардың айтуынша, ең маңыздысы – баланың сөзін бөліп тастамай тыңдау, кінәламау және қажет болса кәсіби көмекке жүгіну.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысының орталығында жаңа форматтағы фестиваль ұйымдастырылады

Алматы облысы әкімдігі және Аспан ФМ жаңа форматтағы «ASPAN FEST» - ашық аспан астындағы ғаламат фестивалін ұсынады. Жаз бойы, апта сайын, Қонаев қаласының орталық алаңында еліміздің ең танымал эстрада жұлдыздары
Жаңалық

Китайские инвесторы запускают проект по производству алюминиевых профилей в Алматинской области

В Алматинской области запланировано реализация нового инвестиционного проекта по производству алюминиевых профилей, окон и дверей с участием инвесторов из Китая. Для обсуждения деталей этого важного проекта директор Палаты предпринимателей «Атамекен»
Жаңалық

Кене энцефалиті

Кене энцефалиті – вируспен шақырылатын, бас миының және жұлынның зақымдалуымен өтетін табиғи-ошақтық ауру. Жетісу облысының Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары кене энцефалитінен эндемиялық аймаққа жатады.