Жаңалық

«SAQTAN-2026»: Алматы облысындатүнгі рейдтер барысында 440-қа жуыққұқықбұзушылық бойынша хаттаматолтырылды

Түнгі рейдтер облыстың ірі елді мекендері мен халқы тығыз орналасқан аумақтарды қамтыды

Алматы облысында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіз ортаны қалыптастыру мақсатында «SAQTAN-2026» жобасы аясында түнгі профилактикалық рейдтер жүргізілуде. Жоспарланған 20 рейдтің 14-і ұйымдастырылып, олардың нәтижесінде 440-қа жуық әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттама толтырылды.

Түнгі рейдтер облыстың ірі елді мекендері мен халқы тығыз орналасқан аумақтарды қамтыды. Атап айтқанда, Талғар, Іле, Қарасай, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандарында, сондай-ақ Қонаев және Алатау қалаларында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Рейдтердің негізгі мақсаты – жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне байланысты талаптардың сақталуын бақылау, қоғамдық орындардағы тәртіпті қамтамасыз ету және құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шараларға еріктілермен қатар блогерлер мен қоғамдық пікір көшбасшылары да атсалысты. Олардың қатысуы профилактикалық жұмыстардың ақпараттық ауқымын кеңейтіп, жастар арасында заңға құрметпен қарау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін насихаттауға мүмкіндік берді.


Рейд барысында құқық қорғау органдарының мамандары қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, анықталған құқықбұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылдады. Сонымен қатар тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жастардың қауіпсіздігі мен қоғамдық орындардағы тәртіп мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қайталама рейдтердің нәтижесі профилактикалық жұмыстың маңыздылығын көрсетті. Бұған дейін тексеру жүргізілген аумақтарда рейдтер қайта ұйымдастырылған кезде анықталған құқықбұзушылықтар санының азайғаны байқалды. Бұл тұрақты бақылау мен түсіндіру жұмыстарының құқықбұзушылықтың алдын алуда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.

Түнгі рейдтер тек құқықбұзушылықтарды анықтауға ғана емес, сонымен қатар олардың алдын алуға, тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға және қауіпсіз қоғамдық орта қалыптастыруға бағытталған. Жоба аясында еріктілердің, қоғам белсенділерінің және ақпараттық кеңістіктегі пікір көшбасшыларының қатысуы профилактикалық жұмыстың қоғамдық маңызын арттырып отыр.

«SAQTAN-2026» жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыруға, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және нашақорлық, лудомания, суицид пен өзге де зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған.

Жоба аясындағы түнгі рейдтер жалғасуда. Алдағы уақытта қалған 6 рейдті өткізу арқылы профилактикалық жұмыстардың ауқымын кеңейту және өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті нығайту көзделіп отыр.

Айта кетейік, «SAQTAN-2026» жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Алматы облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында «PARYZ еріктілері» қоғамдық бірлестігі тарапынан жүзеге асырылуда.

Related Posts

Жаңалық

МӘМС: Биыл Қонаев қаласында 25 мыңға тарта тегін медициналық көмек көрсетілді

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында МӘМС аясында 5000-ға тарта адам ем алған. Оның 2035-і жоспарлы түрде медициналық көмекке қол жеткізді. Мекемеде күндізгі стационарда 2 мыңнан астам тұрғын ем-дом қабылдады. Жалпы, жыл
Жаңалық

Көршіміз үйінде 30 ит ұстайды – тұрғындар шағымы

Жиырма жыл бойы көршімізбен алысып келеміз. Алматы облысы Боралдай кентінің тұрғындары көпқабатты үйдің 1 бөлмелі пәтерінде 30-ға жуық ит асырап отырған көршісіне шағымданды, деп хабарлайды alataunews.kz Алматы арнасына сілтеме жасап. Көршілері Сергейдің
Жаңалық

Алматы облысында тау курортын дамыту үшін меморандумға қол қойылды

Табиғаттың лағыл - маржаны тоғысқан өлке, Алматы облысының туристік әлеуеті жоғары. Аймақтағы сұлулықты көзбен көруге келетіндердің саны жыл санап артып келеді. «eQonaq» жүйесінің мәліметі бойынша билығы жылдың соңғы алты айында
Жаңалық

Санэпидқызметке 1034 өтініш: Алматы облысының тұрғындары неге шағымдануда?

  Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі 9 айындағы жұмыс қорытындылары туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов баяндады. Оның айтуынша, басты мақсат – өңір тұрғындарының санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жыл басынан