Жаңалық

Іле ауданында 3,2 млрд теңгеге салынған тұрғын үй кешенінің алғашқы үйлері пайдалануға берілді

Өтеген батыр ауылында жаңа тұрғын үй кешенінің алғашқы үш үйі пайдалануға берілді. Жобаға салынған жеке инвестиция көлемі 3,2 млрд теңгеден асты.

Іле ауданының Өтеген батыр ауылында «SULTANoff park» тұрғын үй кешенінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Alatau24.kz.

Алғашқы кезеңде бес қабатты үш тұрғын үй салынған. Оларда жалпы ауданы 6,5 мың шаршы метр болатын 103 пәтер және 2 коммерциялық үй-жай бар. Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттері табысталды.

Үйлер газ, су және электр желілеріне қосылған. Кешен аумағында жаяу жүргіншілер жолдары салынып, көгалдандыру мен сыртқы жарықтандыру жұмыстары жүргізілген.

Тағы үш үй салынып жатыр

Қазір жобаның екінші кезеңі жүріп жатыр. Оның аясында тағы үш бес қабатты тұрғын үй салынады.

Жоба толық аяқталған кезде кешенде алты ғимарат болады. Жалпы ауданы 12,5 мың шаршы метрден асатын 210 тұрғын және коммерциялық үй-жай пайдалануға беріледі.

Аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов тұрғын үй құрылысына жеке инвестиция тартудың маңызын атап өтті.

«Бүгін бірнеше отбасының көптен күткен арманы орындалып, өз баспанасына ие болып отыр. Бұл – үлкен қуаныш. Осы игі іске үлес қосқан жеке инвесторға алғысымды білдіремін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау туралы бастама көтерді. Біз де ауданымызда тұрғын үй құрылысын дамытуға, жаңа жобаларды іске асыруға баса назар аударамыз. Ең бастысы – тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту», – деді аудан әкімі.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында Наурыз мерекесінде 700-ге жуық іс-шара өтеді

Күн мен түннің теңесіп, жаңа күннің келер басы – Наурыздың табалдырықты аттайтын сәтіне де санаулы күн қалды. Төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрін қалыптастырып, оның мазмұнын идеологиялық мәнмен байыту үшін 14
Жаңалық

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

Документ: ПРАЙС ALATAU24 ИП «ALATAU MEDIA» − собственник информационного агентства «Alatau24.kz» информирует кандидатов, участвующих о предоставлении интернет площадей для размещения предвыборных агитационных материалов кандидатов в депутаты маслихатов в территориальные избирательные
Жаңалық

Қонаевтың 17 мектебіне жаңа қауіпсіздік жүйесі орнатылды

  Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Цифрлық технологиялар басқармасының өкілдері өңірдегі цифрландыру жобалары мен Alatau Hub аймақтық технопаркінің маңызы туралы баяндады. Цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің
Жаңалық

2024 жылы медициналық қызмет көрсетуге өтінімдерді қабылдау басталды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында 2024 жылға арналған медициналық көмекті сатып алу рәсімдерінің басталғаны туралы хабарлады. Медициналық ұйымдар сатып алу веб-порталында жоспарланған көлемдерді орналастыруға өз өтінімдерін бере алады.  Әлеуметтік медициналық сақтандыру