ҚоғамМедицина

Жетісу облысында Балалар үйі білімгерлері «Өзіңе сен» атты әлеуметтік жобаға қатысты

Жетісу облысында 2023 жылғы шілде мен қараша аралығында «Айналайын» балалар үйінің түлектерін әлеуметтендіру және қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру» атты жоба іске асырылды. Басты мақсат — орталық қызметін ұйымдастыру, балалар үйінің кемінде 100 түлегін іс-шаралармен және консультациялармен қамту. Осы жайында «Облыстық мүгедектігі бар адамдар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бәрібаева Әсел Мақсұтқызы мен «Айналайын» қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-нің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Андабаева Жазира Ахметсапақызы баяндады.
«Балалар үйінің түлектері арасында Start App бизнес-жобалар конкурсын ұйымдастырдық. Әлеуметтік желілер мен өңірлік БАҚ өкілдеріне тарату арқылы сайыс ережелері әзірленіп, бекітілді. Бақ сынасуға тілек білдірушілер өтінім жазғаннан кейін оларға 2 семинар және шағын гранттар бойынша консультация ұйымдастырылды. Нәтижесінде әр жобаға 1 млн. тг берілетін 4 жеңімпазымыз анықталды. Сен тұр мен атайындар қатарынан «Тuffting кілем тігу» жобасымен Лихтин Денис Викторович, «Quetilon-кәдесыйлар шығару» бизнес-идеясымен Щелчкова Мария, «Мен өзім» оқу орталығы жобасын ұсыну арқылы Айнагулова Жанна және «Дұрыс тамақтану» жобасымен Каменская Светлана үздік деп танылды», — дейді Әсел Бәрібаева.
Сондай-ақ «Айналайын» балалар үйінің жазғы лагері және Ескелді ауданы мен Айналайын интернатында балаларға арналып бірнеше тренинг жұмыстары өткізілді.
«Тәрбиеленушілердің жеке өсуін ынталандыру, балалар үйін тәмәмдағаннан кейін үлкен өмірде белсенді әрі нық ұстаным қалыптастыру үшін биылғы жылдың 30-шы қазанында аталған орын оқушыларының түлектер форумын ұйымдастырдық. Шараға қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Түстікбаев, «Айналайын» балалар үйінің директоры Ж. И. Сейсембаева, форумның арнайы қонағы – «Қазақстан балалар үйлері түлектерінің қауымдастығы» ЗТБ президенті Рафаэль Гасанов қатысты. Сонымен қатар балалар үйінің үздік түлектері сөз сөйлеп білімгер жанарына үміт отын силады.», — деп мәлімдеді Жазира Андабаева.
Жобаны ақпараттық қолдау мақсатында әлеуметтік желілерде 79 жарияланым, буклеттер, афишалар және банерлер әзірленіп таратылды.