Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысының аумағында 185 адам қар құрсауынан құтқарылды

Облыста республикалық автожолдарда – 2,  облыстық тасжолдарда – 10 қар басу аймағы бар. Жыл сайын ауа райының қолайсыздығына байланысты қыс мезгілінде 100-ден астам жүк және жеңіл автокөлік қар құрсауында қалады. Осы жайында Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйіне Жетісу облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Сағади Әлібай мәлімдеді.

«2023-2024 жылғы қысқы кезңнің басынан бастап облыс аумағында 185 адам құтқарылды. Оның ішінде 13 бала, 58 шетелдік азаматтар, сондай-ақ қар құрсауында қалған 33 техника шығарылды. Жыл басында Республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» арасында 10 адам жолда қалған. ТЖД күштерімен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар Ақши станциясына жеткізілді. 13.01.2024 жылы Алакөл ауданында аталған Республикалық маңызы бар автожолда қар құрсауында 4 жеңіл, 42 жүк көлігі тұрып қалғаны анықталды. Жүк көліктерінің 15 жүргізушісі яғни Беларусь Республикасының – 4, ҚР – 11 азаматы эвакуациядан бас тартты. Жүргізушілердің айтуынша, оларда бір аптаға жететін азық-түлік бар. Авариялық-құтқару қызметінің қорытындысы бойынша  Достық және Көктұма станциясына 24 адам жеткізілді», — дейді Сағади Әлібай. 

Баяндама барысында спикеріміз тұрғындардың алыс жолға шығар алдында аса сақ болуын сұрады. Сапарға бет бұрмас бұрын ауа райы болжамымен танысып, оның өзгеруін және SMS-хабарламаларды бақылау қажеттігін ескертті.

Related Posts

Қоғам

Жетісу облысында ұрпақтар сабақтастығы жайлы жоба іске асты

Өңірімізде «Әжелер ертегісі» онлайн-клубы жұмыс істейді. Үйден шыға алмайтын ерекше балаларға арнап ватсап желісі арқылы аптасына кемінде екі рет 10 адамға арналған аудио ертегі тыңдатылады. Аталған шара «Азаматтық бастамаларды қолдау
Жетісу облысы

Жетісу облысының тұтынушыларына 12 миллионға жуық теңге қайтарылды

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысының 544 тұтынушысы өз құқықтарын қорғауға жүгінді. ҚР Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы Жетісу облысы бойынша сауда және интеграция министрлігінің басшысы Айдос Дауешовтың
Қоғам

Жетісу  облысында  62  медициналық ұйымда санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы анықталды

2023 жылдың 9 айында Жетісу облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 62 медициналық ұйымға тексеру жүргізді. Оның 31-і кесте бойынша берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне, 31-і ҚР
Жетісу облысы

Жетісу облысында сейсмикалық жаттығулар күшейтілді

Оқу-жаттығулар мен жақсы теориялық дайындық табиғи және техногендік сипаттағы апаттар кезінде өзіңізді және жақындарыңызды құтқарудың негізгі құрамдас бөлігі. Бір ай бұрын 23 қаңтарда болған жер сілкінісінен Алматы қаласы мен оған