Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысының тұтынушыларына 12 миллионға жуық теңге қайтарылды

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысының 544 тұтынушысы өз құқықтарын қорғауға жүгінді. ҚР Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы Жетісу облысы бойынша сауда және интеграция министрлігінің басшысы Айдос Дауешовтың айтуынша, ведомство 228 азаматтарды қабылдап, тұтынушылардың  құқықтарын  бұзу  туралы  500-ден астам өтініш қабылдады. Оның 213-і бойынша тұтынушылардың пайдасына шешімдер қабылданып, 12 миллион теңгеге жуық қаражат қайтарылды. Өтініштердің дені  сапасыз тауарды жөндеуден, айырбастаудан, қайтарудан бас тарту туралы болды.

Спикердің  айтуынша,  соңғы бірнеше жылда өтініштер саны 25-30%-ға артқан. Алайда,  бұл  тауарлар  мен  қызметтердің  сапасының  нашарлауымен емес,  халықтың  құқықтық  сауаттылығының  жоғарылауымен байланысты.

Өңірде құқықтарды  және оларды қорғаудың заңды тәсілдерін түсіндіру бойынша белсенді  жұмысты «Жетісу  облысы тұтынушыларының құқықтарын қорғау» қоғамдық бірлестігі жүргізеді. Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігімен, Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті және Жетісу облыстық мәслихатымен  «Сапалы өнім»  жобасын іске асыру жөнінде меморандумға қол қойыпты.

«Сапалы өнім» жобасы ҚР сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен 2023  жылдың желтоқсанында іске қосылды.  Оның міндеттеріне тұтынушыларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес секторды, жергілікті атқарушы және өкілді органдарды, кәсіпкерлік қоғамдастықты ішкі нарықта отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қауіпті және сапасыз өнімдерден  қорғауды  қамтамасыз ету жөніндегі жалпыұлттық мүдделерді іске асыруға тарту, сондай-ақ парасатты бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасау кіреді. Бірлескен жұмыс нәтижелері бойынша өнімнің 200-ден астам түрі зерттелді және оның 40 түрі бойынша тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі нормативтерінің бұзылуы анықталды.

Айдос Дауешовтың айтуынша, 2024 жылға өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі бойынша сараптамалық жұмыстарды жүргізуге және оның нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялауға шамамен 200 млн.теңгені пайдалану жоспарланған.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» ҚБ төрағасы Амир  Газалиев осы  саладағы  заңнама нормаларын бұзуды  алдын алу әлдеқайда тиімді екенін атап өтті. Қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік құрылымдардың тығыз өзара іс-қимылы тұтынушылардың мәселелерін сот ісін жүргізбестен шеше алады дейді.

Related Posts

Жетісу облысы

Талдықорғандық қариялар ақ батасын берді

Талдықорғанда дауыс берушілердің белсенділігі өте жақсы. Қариялар келіп,өз баталарын беруде. Солардың қатарында ардагер Балкыбаев Серікбек атамыз да бар. Ол Талдықорған қаласындағы №435 референдум учаскесінде өз таңдауын жасап, ондағы қызмет етіп
Жетісу облысы

«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты қалай іске асып жатыр?

«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты коммуналдық салаға инвестиция тарта отырып, желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайтуды көздейді. Бағдарлама шеңберінде желілер мен жабдықтардың жоғары тозуына байланысты инженерлік инфрақұрылымды
Қоғам

Заречный мен Арна тұрғындары негізсіз қауіптеніп отыр – Қонаев қаласының әкімі

Шаһар басшысы Нұрлан Құматаевтың айтуынша, Заречный ауылдық округінің (Заречный, Арна ауылдары) 9757 гектар жері "G4 city" жобасының құрамына енуіне байланысты тұрғындар негізсіз қауіптеніп отыр. Ол аталған өзгерістің халықтың тұрмыс-тіршілігіне еш
Жетісу облысы

Жетісуда баспана алуға арналған жаңа бағдарлама жүзеге аспақ

Ауылды мекендерге арналған «Жерұйық» тұрғын-үй бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін алғашқы жарна – 10%. Бағдарламаның өтінімдерін қабылдау 10 қыркүйектен 10 қазанға дейін жалғасады. Алдын ала тұрғын