Қоғам

Алматы облысында «AMANAT» партиясының жанынан әйелдер қанаты құрылды

Қазір әйел азаматтар барлық салада қызмет атқарады. Десе де, нәзік жандылардың шешілмеген түйіндері көп. Партияның облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаевтың айтуынша, бұл ұйым осы мәселелерді шешумен айналысады.

«Бүгінде саясатта, мемлекеттік басқаруда, кәсіпкерлік саласында әйелдердің мүмкіндігі артқан. Мәселен, Алматы облысында аманаттықтардың 76 пайызын әйелдер қауымы құрайды. Біздің негізгі мақсатымыз – әйел мәртебесін көтеру, олардың ғылымдағы, қоғамдағы рөлін айқындау, отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемдесу. Сондай-ақ, отбасы құндылықтарын дәріптеу, кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету және басқа да бағыттарды қолға алуды көздейміз», – дейді партия филиалының төрағасы.

Бұл істі жүзеге асыру үшін аймақтық Саяси Бюро кеңесінің шешімімен Halyk Bank Алматы облыстық филиалының директоры Гүлмира Ахметова әйелдер қанатының кеңесшісі болып тағайындалды.

«Маған осындай жауапты істі жүргізуге үлкен сенім артып отырған партияластарға алғыс білдіремін. Тұрмыстық зорлық-зомбылық белең алған шақта әйелдерге қолдау көрсету керек. Әйелдердің дәрежесін көтеріп, ғылым мен білім, бизнесте орнын айшықтау біздің міндетіміз. Бұл іске өңірдің ең іскер ханымдарын жұмылдырмақпыз. Қай салада болмаса да әйелдер белсенді. Оны ешкім жоққа шығармас. Саясатта да әйелдің рөлі өте жоғары», – дейді Гүлмира Ахметова.

Жалпы, бүгінгі күні өңірде облыстық мәслихаттың депутаттары қатарында – 8 әйел бар. Ал аудандық, қалалық мәслихаттарында 190 мандат болса, оның 43-і нәзік жандылар.

Аймақтағы саясат, білім, денсаулық, мәдениет, кәсіпкерлік, үкіметтік емес ұйымдар және т.б салаларды табысты қызмет етіп келе жатқан әйелдер, көпбалалы аналар қауымымен өткен басқосу еркін пікір-алмасуға ұласып, түрлі ұсыныс-тілектер айтылды.

Айта кету керек, Әйелдер қанаты 10 басым бағыттың аясында жұмысын жүзеге асыратын болады.

Related Posts

Қоғам

Алматы облыстық депутаты: Жаңа елтаңбамыз жайлы ойланар кез келді

Құрметті достар! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Атырау қаласында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті. Ұлттық Құрылтай – ұлт болашағына қатысты маңызды мәселелерді талқылап, шешім іздейтін бірегей алаң. Бүгінгі Құрылтайда
Жетісу облысы

ЕЛ ДАТЫ ДЕПУТАТ НАЗАРЫНДА: Облыстық Жетісу телеарнасында «Депу-дат» бағдарламасы ашылмақшы

30 жылда облыстағы Мәслихат депутаттары өткерген өрелі істер ұшан теңіз. Мінбедегіге ел үнін уысына жинап тамшысын төкпей жеткізетін жандардың алдағы атқарар міндеті де аз емес. Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңына
Жетісу облысы

Жетісу облысында кене энцефалитіне қарсы күрес шаралары өтуде

Жетісу облысының Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан, аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары кене энцефалитінен эндемиялық аймақтарға жатады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Жетісу облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары