Жаңалық

Қауіпсіз ойыншықты қалай таңдау керек?

Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Яғни, ересектер мен балалар үшін сыйлықтар табысталар уақыт таяп келеді. Осы орайда, ойыншық сатып алмас бұрын оның қауіпсіздігіне аса мән берген жөн.

Жалпы, балалар ойыншықтарының қауіпсіздігіне қойылатын негізгі талаптар төмендегідей:
• Ойыншық жасалған материал.
• Күрт жағымсыз иістің болмауы.
• Төзімділігі. Төзімсіз болса, баланы жарақаттауы немесе зиян келтіруі мүмкін.
• Конструкциясы. Ойыншық және оның құрамдас бөліктері баланың тұншығуына, өткір шеттері мен қабыршақтар, саңылаулар мен тесіктерге саусақтарының кіріп кетуіне жол бермеу керек.
• Түсі. Тым ашық рең көзге және психикалық жай-күйге кері әсерін тигізуі мүмкін.
• Қауіпсіз дыбысы. Дыбысы қатты ойыншықтардан сақтаныңыз. Ол бүлдіршіннің есту қабілетін зақымдауы мүмкін.
• Мөлшері. Ойыншық және оның құрамдас бөліктері бала жұтып алмас үшін ірі болуы тиіс.
• Салмағы. Ойыншық пен бала салмағын салыстырған абзал
• Гигиеналығы. Ойыншықты жуу мүмкіндігі.
• Сапа кепілдігі. Ойыншықтарды мамандандырылған дүкендерден сатып алған жөн. Онда кепілдікпен қатар қажетті талаптар сақталады.

Сонымен қатар таңбалануына назар аудару қажет. Ойыншықтардың таңбалануы толық, дұрыс, анық, оңай оқылатын болуы тиіс.
Жаңа жыл қарсаңында шыршаны безендіретін ойыншықтарға да мән берген жөн.

Егер үйде кішкентай бала болса, келесі талаптарға назар аударыңыз:
• Ойыншықтардың иісіне.
• Бояулар мен жылтырауықтардың іздері қолыңызда қалмайтынын тексеріңіз.
• Пластиктен жасалған сынбайтын ойыншықтар алыңыз.
• Қауіпсіз жаңа жылдық шырша ойыншығы – өткір бұрыштарсыз, шығып тұратын инелерсіз, желім қалдықтарынсыз болуы тиіс.
• Ойыншық толтырғышсыз болғаны жақсы.

Есіңізде болсын, балалар ойыншығында үнемдеуге болмайды!

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында мемлекеттік қаржыны жымқырудың бірнеше фактісі әшкереленді

Облыста мемлекеттік субсидияларды заңсыз иемдену мен жалған құжаттар ұсыну арқылы жасалған 6 қылмыс тіркеліп, жалпы шығыны 653 миллион теңгені құрады. Бұл туралы экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Данияр Қыдыралиев баспасөз
Жаңалық

Алматы облысында күдіктілерден 6,5 мың АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақша тәркіленді

Алматы облысының қаржылық мониторинг департаменті жалған АҚШ долларын сақтау мен өткізу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Екі азамат 100 долларлық жалған купюраны 15 мың теңгеден өткізгені анықталды. Жалған ақшаны кезекті