Жаңалық

Алматы облысында архившілер күні кең көлемде атап өтілді

Айтулы мерекеге орай Қонаев қаласында «Архив — тарихымыздың темірқазығы» атты салтанатты шара өтті. Басқосуда бірқатар сала мамандыры марапатталып, жылдық жұмыс қорытындыланды.

Архившілер күні 2020 жылдан бері атап өтіліп келеді. Айта кетсек, 1998 жылы дәл осы күні елімізде тұңғыш рет ұлттық архив қоры жайлы заң қабылданған. Салада кәсіби мерекенің белгіленуі архивист мамандардың мерейін анағұрлым арттыра түсті. Мерекелік шара басын басқарма басшысы өз құттықтауынан бастады.

«Мемлекетіміз үшін стратегиялық маңызы зор тарихты сақтайтын іргелі мекеме – ол архив. Ал сол архивтегі әр құнды құжатты мұқият жинақтап, ұрпақтан-ұрпаққа аманат ететін шын жанашырлары – архив қызметкерлері. Бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын!» — деді Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев.

Қазір Алматы облысында 10-нан аса мемлекеттік архив жұмыс істеп тұр. Онда тер төгіп жүрген 127 маман бар. Мекемелерде жалпы саны 3 мыңға жуық қор, 900 мыңға жуық сақтау бірлігі тіркелген. Ал соңғы жылдары қолға алынған цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр — дейді мамандар.

Қазіргі таңда цифровизацияға байланысты электронды архив деген бағдарлама бар. Ол арқылы бізде бар құжаттың 0,6%-ын цифрландыра аламыз. 2020 жылдан бастап сканерлік апараттарды ала бастадық. Бұл жұмыстар «Архив — 2025» жобасы аясында іске асып жатыр, — деп атап өтті Алматы облысының мемлекеттік архиві КММ-нің бас директорының орынбасары Айгерім Қырықбай.

Мерекеге орай өңір аумағында архив саласындағы жаңа бастамаларды іске асыруға өзіндік үлесін қосып жүрген сала майталмандары марапатталды. Олар мәдениет және ақпарат министрінің сондай-ақ, облыс әкімінің әрі басқарманың Алғыс хаттарын алды. Оған қоса «Архив саласының үздігі» және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілеріне ие болды. Араларында Ұйғыр ауданының архившілері «Үздік филиал» атанып, 300 мың теңге сыйақы еншіледі.

Related Posts

Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталып келеді. Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық төмендеді. Өткен жылдың желтоқсанында – 218 жағдай тіркелді, 2024 жылғы қаңтарда – 131. Өңірде қосымша жаппай иммундау жұмыстары
Жаңалық

Алматы облысында 400-ге жуық адам ағза ауыстыруға мұқтаж

Елімізде  2023 жылдың 10 желтоқсанына берілген көрсеткіш бойынша «күту парағында» 3961 науқас бар. Бүйрек ауыс­тыруды қажет ететін 3528 ересек, 87 бала бар. Бауыры ауыратын 171 адам болса, 10 балаға да
Жаңалық

Бак эндокардит: 6 ай бойы өздігінен емделген науқастың жүрегінде ақау анықталған

Жамбыл ауданының дәрігерлері 6 ай бойы емін таппаған науқастың жүрек ақауы бар деген күдігі расталып, ауруын дәл анықтаған. 31 жастағы аудан тұрғыны ауруы асқынған шағында жергілікті Жамбыл аудандық ауруханасына жүгінген.
Жаңалық

Алматы облысында МӘМС аясында бөлінген «Аңсаған сәби» квотасы 100 пайыз игерілді

Денсаулық  сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаеваның айтуынша, биыл өңірдегі 523  отбасыға осы бағдарлама игілігін көру мүмкіндігі берілген. Президент пәрмені сәбиді аңсап жүргендер талай отбасыға үміт сыйлағаны анық. Мәселен, 2022-2023