Жаңалық

Алматы облысында кызылша сырқаттанушылығы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі

Аталған дертті жұқтырған аймақ тұрғындарының 87 пайызы бұрын қызылшаға қарсы екпе алмағандар.
Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Саулет Капсаламова баяндады.

Спикердің айтуынша сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле аудандарында орын алуда.
14 наурыз- 27 желтоқсан аралығында вирустың 4 212 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1 850,5 жасқа дейінгі таралу жиілігі 1 611 жағдайды құрады.

“Ауа-тамшыларымен тарайтын жұқпалы жіті вирустың ең тиімді алдын алу жолы – ол вакцинация. Өңірімізде вакцинациялау қараша айының 21-нен қазіргі күнге дейін жалғасуда.
Қазіргі таңда иммунитетін жасанды жолмен көтергендер саны 64 527 жетті,”-дейді Сәулет Қапсаламова.

Related Posts

Жаңалық

Көкжөтел

Көкжөтел - бұл балалар мен ересектерде кездесетін, Bordetella pertussis бактериялармен шақырылатын қауіпті жұқпалы ауру. Инфекцияның таралу жолы - ауа тамшылы. Қоздырғыш түшкіру және жөтелу кезінде көп бөлінеді. Инфекция көзі көкжөтелмен
Жаңалық

МӘМС шеңберінде азаматтардың қандай тобы тісін тегін емдете алады?

Шұғыл жағдайда стоматологиялық қызмет балаларға, жүкті әйелдерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге, мүгедектерге, «Күмiс алқа» және «Алтын алқа» иелеріне, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, инфекциялық, әлеуметтік мәні бар және қоршаған ортаға қауіп төндіретін
Жаңалық

Алматы облысында тау курортын дамыту үшін меморандумға қол қойылды

Табиғаттың лағыл - маржаны тоғысқан өлке, Алматы облысының туристік әлеуеті жоғары. Аймақтағы сұлулықты көзбен көруге келетіндердің саны жыл санап артып келеді. «eQonaq» жүйесінің мәліметі бойынша билығы жылдың соңғы алты айында
Жаңалық

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке сектор тұрғындарына өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады

  Жылыту маусымы басталысымен, Алматы облысында өрт және газбен байланысты оқиғалар саны артып келеді. Бұл кезеңде қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды екенін Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ерекше атап өтуде. Жыл