Жаңалық

Жетісу облысында 41 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундалды

Бүгінде Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайда тұрақтылық тенденциясы байқалады. Өңірде алғашқы нақтамамен 835 жағдай тіркеліп, оның ішінде 593  зертханалық расталған. Бұл туралы Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев журналистермен өткен баспасөз мәслихатында баяндап берді.

«Жетісу облысында 100 мың халық санына шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 90,5 (ҚР — 156,7). Сырқаттанушылық облыстың барлық аумақтарында тіркелді,  жоғары деңгейі Талдықорған қаласында (117,4 және 231 жағдай) және Алакөл (152,8 және 100ж.) , Панфилов ауданында (89,6 және 112 жағдай). Расталған жағдайлар арасында жас көрсеткіштері бойынша басым көпшілігін 5 жасқа дейінгі балалар – 56,7%. Жетісу облысы бойынша расталған жағдайлардың 80,4% бұрын қызылшаға қарсы вакцинация алмаған», — деп атап өтті Асхат Чарапиев.

Облыста 41 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундаумен қамтылды. Оның ішінде 6-10 айдағы балалар 3924, 2-4 жастағылар 27893, медициналық қызметкері 3577, екпелерді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі тұрғын 5640. Облыста екпе алғандар саны күн сайын артып келеді.

«Вакцинацияға қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы комбинирленген вакцина қолданылады. Бұл үндістандық препарат препарат «Serum Institute of India», ДДҰ-мен сертификатталған және Қазақстан Республикасында тіркелген. Бұл вакцина елімізде 2007 жылдан бері қолданылып келеді. Осыған қарамастан егуден бас тарту жағдайлары кездеседі, бас тарту себептері әр түрлі: жеке көзқарасына байланысты, діни сенімдерге байланысты, вакцинаға сенбеуден, бұқаралық ақпарат құралдары, басқа көздерден алған ақпарат негізінде»-, деді ол.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, қызылшаға қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін халықтың 95% вакцинациялануы қажет. Осы көрсеткішке жеткенде сырқаттанушылық төмендейді. Бұл халыққа байланысты. Сондықтан эпидемиолог мамандардың айтуынша, медициналық шектеулер болмаса, екпе алған дұрыс.

 

 

Related Posts

Жаңалық

Қонаев тұрғындары жаппай сенбілікке қатысты

Алматы облысының орталығында «Таза Қазақстан» бағдарламасы жалғасуда. Бұған дейін 4 және 5-шағынауданның тұрғындары сенбілікке шықса, осы жолы 3-ықшамауданның жұрты жаппай сенбілікке қатысты. Олардың қатарында еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін болды.
Жаңалық

Алматы облысында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін станция қойылады

  Жолдың жағдайын ретке келтіру мемлекеттік саясаттық басым бағыттарының бірі. Бүгінгі күнге Алматы облысындағы жолдың 93 пайызы қанағаттандырарлық жағдайда. Жыл сайын жол құрылысына және оны күтіп ұстауға қазынадан қаржы бөлінеді.
Жаңалық

Алматы облысында сапасыз өнімдерді сатуға шектеу қойылды

  Жыл басынан сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 800-ден астам өтініш келіп түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 67 пайызға көп. Тұрғындардың құқықтық сауатының артуы мен өз мәселелерін шешуге деген
Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1266 жағдай тіркеліп, оның 904 зертханалық сараптамамен расталған. Жалпы, қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация, арнайы емі