Жетісу облысыҚоғам

2023 жылы Жетісу облысында 800-ден астам тұрғынды қаңғыбас ит қапқан

Жетісу өңірінде қаңғыбас иттердің қаптауы өзекті мәселелердің біріне айналды. Күн өткен сайын әлеуметтік желілерде азаматтардың арыз-шағымдары жазылған жазбалар қарқын алуда. Тұрғындардың қауіпсіздігін кім қамтамасыз етеді? Қандай шаралар қабылдау қажет? Жетісу облысы ветеринария басқармасының бөлім басшысы Дархан Әбілбаев Б.Құранбек атындағы Журналистер үйіне келіп, бұл мәселеге қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
«2023 жылы денсаулық сақтау мекемелеріне жануарлардың адам шабуылына байланысты 819 жағдайы туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. Ауылдық округтердің мал дәрігерлері 502 үй жануарларын клиникалық бақылауға алып, қорытындысы бойынша иелеріне 474 анықтама берді. Қалған 317 жануардын иелері анықталған жоқ. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңды жүзеге асыру мақсатында өткен жылы Ішкі істер басқармасының қызметкерлері 31 адамға ескерту жасап, 136 азамат 739 815 мың теңге айыппұл төледі», — дейді Дархан Әбілбаев.
Өткен жылы Жетісу өңірінде барлығы 12 933 қаңғыбас ит пен 134 мысық ауланған. Оның ішінде 850-ге жуық үй жануарлары иесіне қайтарылып, қорғау ұйымдарына берілді. 1500-ге жуық ит пен мысық кастрацияланды, 606-сы залалсыздандырылып, микрочиптелді. Ал 10 мыңнан астамы ізгілік жолмен өлтірілді.
2021 жылғы 30 желтоқсанда № 97 «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы күшіне енді. Осы заң аясында 2023 жылы төрт маңызды бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен қомақты қаржы – 170 миллион теңге бөлінді. Олар «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жансыздандыру», «Қаңғыбас және қаңғыбас жануарларды уақытша орналастыру жұмыстарын жүргізу», «Қараусыз және қаңғыбас жануаларды сәйкесендіру», «Қаңғыбас жануарларды егу және залалсыздандыру» бағдарламаларына биыл да қаржылай қолдау көрсетіліп облыстық бюджеттен қосымша 172,4 миллион теңге бөлінді.
Спикердің айтуынша, осы бағдарламалар аясында жұмыстарды атқару үшін тендер жарияланды. 31 қаңтарда көрсетілетін қызметті атқарушы анықталады. Ал, қаңғыбас жануарларды аулау, чиптеу, вакцинациялау және залалсыздандыру мәселелері бойынша облыс тұрғындары Жетісу облыстық ветеринария басқармасының және ауылдық әкімдіктердің ресми сайттарына хабарласа алады.
«Облыста құтырған иттер тіркелді ме?» деген сұраққа Дархан Әбілбаев: «2023 жылы мұндай жағдайлар болмаған», — деп сендірді.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында 32 мыңға жуық тұлға декларациялаудан өтті

Бүгінгі таңда Жетісу облысындағы кірістерді декларациялау жүйесіне 118 мыңға жуық жеке тұлға кірді. 2024 жылдың басынан бастап кірістер мен мүлік туралы Декларацияда көрсету үшін ақпарат тізбесі қысқарды. Енді жеке тұлғалар
Жетісу облысы

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға өзгерістер енгізілді

Жетісу облысында тұтынуышлардың құқықтарын қорғау саласында өтініштер артып келеді. Мәселен, жыл басынан бері Жетісу облысының сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне 500 өтініш түсіп, оның 205 өтініші оңды шешіліп, тұтынушыларға
Қоғам

20 миллионыншы қазақстандық Жетісу облысында дүниеге келді

Қазақстанда 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды елдің 20 миллионыншы тұрғынымен құттықтады.  «Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет
Жетісу облысы

Жетісу облысындағы экологиялық жағдай тұрақты

Талдықорған мен Текелі қалаларындағы ауаның ластану деңгейі төмен, ал 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында шығарылған зиянды қалдықтардың көлемі 9,7 мың тоннаға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік