Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында 32 мыңға жуық тұлға декларациялаудан өтті

Бүгінгі таңда Жетісу облысындағы кірістерді декларациялау жүйесіне 118 мыңға жуық жеке тұлға кірді. 2024 жылдың басынан бастап кірістер мен мүлік туралы Декларацияда көрсету үшін ақпарат тізбесі қысқарды. Енді жеке тұлғалар декларацияда төлем көзінен салық салынатын кірістер туралы, сондай-ақ, Қазақстанда тіркелген мүлікті сатып алу, иеліктен шығару немесе өтеусіз алу туралы ақпаратты көрсету қажеттілігінен босатылды. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапар Шайкенов БАҚ өкілдерімен кездесуде мәлімдеді.
Спикер ұрақтарға жауап бере отырып, ол барлық жеке тұлғалар, соның ішінде мүгедектік бойынша жәрдемақы алушылар декларацияны тапсыруы керек екенін атап өтті.
Декларациялау процесі төрт кезеңге бөлінеді. 1 кезеңде жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары жалпыға бірдей декларациялауға кірді. 2 кезеңде мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары. Үшінші кезеңде заңды тұлғалардың басшылары мен құ-рылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары. Ал 4 кезеңде 2025 жылдан бастап — азаматтардың қалған санаты, соның ішінде мүгедектер, үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен студенттер де өтуге міндеттеледі.
Соңғы мәліметтер бойынша, «Кірістер мен мүлік туралы Декларацияны» облыс бойынша барлығы 31 857 тұлға тапсырды. Айта кетейік, кірістер мен мүлік туралы декларацияны cabinet.salyk.kz ұсынуға болады. Сондай-ақ, «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), «e-Salyq Azamat», «eGov mobile» мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.

Related Posts

Қоғам

Алматы облысыyнда үш ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы қалай іске асып жатыр

Алматы облысының үш ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы қалай жүзеге асып жатқаны «Өңірлік даму» жөніндегі қеңес отырысында талқыланды. Жиынға кеңес төрағасы Лаззат Тұрлашов, облыстық партия төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев,
Жетісу облысы

Талдықорғандық қариялар ақ батасын берді

Талдықорғанда дауыс берушілердің белсенділігі өте жақсы. Қариялар келіп,өз баталарын беруде. Солардың қатарында ардагер Балкыбаев Серікбек атамыз да бар. Ол Талдықорған қаласындағы №435 референдум учаскесінде өз таңдауын жасап, ондағы қызмет етіп
Қоғам

«Қолдан келгенше көмек беруге тырысамыз»: Талғар аудандық мәслихат депутаты есеп берді

«AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Серік Думчибаев БАҚ өкілдеріне депутаттық мандатын алған кезеңнен бастап атқарған жұмыстары жөнінде брифинг өткізді. Өз кезегінде халық қалаулысы брифингтің негізгі мақсатына
Қоғам

Талдықорғандағы NIS оқушылары үздік танылды

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «E-Kurultay» инновациялық жобасымен қалалық хакатон сайысында үздік танылды. Өнертабыс қалалық мәселелер бойынша өтініштерді беру және өңдеудің қарапайым және тиімді арнасын ұсына отырып, азаматтардың жергілікті