Жетісу облысы

NIS түлегі Гарвард университетіне жұмысқа шақырту алды

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Назгүл Сәкенова Гарвард университетінде докторлық диссертациясын таныстырды.

Назгүл жас ғалым. Германиядағы Гейдельберг университетінде докторантурада оқуын аяқтауда. Қазіргі таңда медицина саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі – бактериялардың антибиотиктерге төзімділігін зерттеп, жаңа әдіс бойынша бұрынғыдан 6 есе көп жаңа антибиотик жұптарын потенциалды ем ретінде ұсынып отыр.

Назгүл NIS – ті 2013 жылы үздік бітіріп, Назарбаев университетінің биология мамандығына оқуға түсті. Нью-Йорк университеті мен Бостон университеті сияқты бірнеше американдық университеттерге бірден шақыру алған дарынды қыз Францияның Париж-Саклэ зерттеу университетінде магистратураны оқып,  сәтті аяқтады.

Бүгін ол медицина ғылымдарының докторы атану жолында. Германиядағы Еуропалық молекулалық биология зертханасында ғылыми қызметпен айналысады. Бес жылдан бері антибиотиктерге төзімділік саласында ғылыми жұмыстар жүргізіп келеді.

Докторлық диссертациясы аяқталып, зерттеуінің нәтижесімен бөлісуде.

— Соңғы 30 жылда жаңа антибиотиктерді табу қарқынды баяулап, керісінше оларға деген бактериялардың төзімдігі қарқынды өсіп барады. Нәтижесінде, 2019 жылы қолданыстағы антибиотиктердің әлсіздігінен 1 миллионнан астам адам қайтыс болды. Оған қоса, бір антибиотикке бактерияның төзімділігі басқа антибиотиктерге де Ұлғайған Төзімділігіне  апарып, одан сайын мәселені ушықтырады. Себебі, емге қолданылатын антибиотиктер саны азаяды. Бір ғажабы, дәл сол бір антибиотикке бактерияның төзімділігі басқа антибиотиктерге бактерияның керісінші Салдарлы Сезімталдығына әкелуі мүмкін! Және бұл үлкен клиникалық мүмкіндік қой! — дейді жас ғалым.

Жас ғалым «химиялық генетика» әдісін ұсынады. Ғалымның айтуынша, бұл өте жүйелі, жылдам және ауқымды.

— Біз жаңа әдіс бойынша бұрынғыдан 6 есе көп жаңа антибиотик жұптарын потенциалды ем ретінде ұсынып отырмыз. Онымен ғана тоқтамай, біз неге антибиотик жұптарына бактерия кейде төзімді ал кейде сезімтал болатынын генетикалық тұрғыда анықтадық. Жаңа әдіспен белгілі механизмдерді растап, жаңаларын аштық. Осы жұмысымыз болышақта адам өмірін сақтап, адамзатқа пайдасын әкелсе екен деген ниетпен еңбектендік, — деп жаңа әдісін таныстырды.

Осы жылдың наурыз айында Назгүл Сәкенова Гарвардта докторлық диссертациясын ұсынған болатын. Оның жұмысы ғалымдар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Қазіргі уақытта ол Гарвард университетінде жұмыс істеуге шақыру алды.

— Мектеп білімінің, бойымнан ғылымға құштарлықты көріп, қабілетімді жан-жақты аша білген ұстаздарымның арқасында мақсатыма жетіп, өмірлік жолымды таптым. Бұрын дәрігер болуды армандасам, енді ғалым, медицина ғылымдарының докторы болуға мүмкіндігім бар, — деп сұхбатын NIS түлегі түйіндеді.

 

Related Posts

Жетісу облысы

Референдумға самокатпен келді

Талдықорғандық жастар референдум күні белсенділік танытты. Олар өздернің сайлау учаскелеріне самокатпен келіп таңдауларын жасады. Жаңашылдыққа жаны жақын жастардың бұл әрекеті көпті қызықтырды. –    Бүгін еліміз үшін маңызды күн. АЭС-тің салынуына
Жетісу облысы

Қорғас: Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда, экономикалық және туристік орталық

Қорғас –  Қазақстан  мен  Қытай арасындағы сауда-саттықтың орталығы болып келеді. Әсіресе, соңғы он жылдағы даму қарқыны таңғалдырмай қоймайды. Екі ел шекарасындағы шағын қала қазір заманауи сауда-саттық, технологиялық  даму және туристік
Жетісу облысы

ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ САРБАЗДАРЫ ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

Ел тағдырына қатысты маңызды оқиғадан Ұлттық ұлан әскери қызметшілері де қалыс қалмай, өз дауыстарын берді. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ел тағдырын шешетін бұл науқаннан тыс қалмады. Құқықтық тәртіп әскерінің жеке
Жетісу облысы

Жетісу облысында алимент төлей алмай жүрген әкелер жұмыспен қамтылды

2023 жылы әділет органдарына хабарласып, 4 мыңға жуық азамат тегін заң көмегін ала алды. Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен кездескен Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Ержан Еркеновтің айтуынша,