Жаңалық

Алматы облысында АИТВ-инфекциясына қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Өткен жылы Алматы облысында АИТВ-инфекциясының 263 жаңа жағдайы тіркелді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3 жағдайға азайған. Өкінішке қарай, індет жабыстырғандар арасында 1 мен 4 жас аралығындағы балалар да бар. Алматы облысында 3 бүлдіршіннен аталған инфекция анықталған.

Мамандар, АИТВ-инвекциясының таралу жолдарына тоқталды. Айтуларынша, ең көбі жыныстық жолмен ( 77,9%), парентеральды ( 12,5%), вертикальдық (1,1%)сипатта таралады екен . Аталған инфекцияны жұқтыратындардың басым бөлігі 30-39 жас аралығыдағы азаматтар екен. Олардың 31,9%-ы індетке шалдыққандар.

Алматы облысында АИТВ жұқтырғандардың 95%-ы өз мәртебесін біледі, олар арнайы антиретровирустық ем қабылдап, вирустық супрессияға қол жеткізді. Зертханада облыс тұрғындары арасында ИФА көмегімен АИТВ скринингтік зерттеулер жүргізіледі. Халықтың негізгі топтары арасында АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында аудандарда 2 Достық кабинеті мен 7 сенім пункті жұмыс істейдің, оның біреуі жылжымалы.

2024 жылдың басына қарай 2358 адам диспансерлік есепте тұр, оның 46-сы 15 жасқа дейінгі балалар, алайда ерекше назар аударуды қажет ететін жағдайлар бар. Мысалы, ВИЧ инфекциясын жұқтырған ата-аналар мен олардың балалары емдеуден және дәрігерлердің бақылауынан бас тартады. Осыған байланысты ата-аналармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Related Posts

Жаңалық

Талғар ауданында 32 елді мекеннің халқы газға қосылған

  Алматы облысындағы өндірісі өркендеген аймақ-Талғар ауданы.  Былтыр 9 бірдей жаңа өндіріс ошағы ашылып,  инвестиция көлемі 1,8 млрд. теңгеге жеткен, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ауданда «Қайрат»
Жаңалық

Алматы облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне алты айда 2 мыңнан астам өтінім түскен

Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жүктелген міндеттері мен функцияларына сәйкес 2024 жылдың  1-жартыжылдығында 33 аудиторлық іс-шара өткізілді. Бұл туралы баспсөз-мәслихатында департамент басшысы Нариман Ботанов айтты. Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың
Жаңалық

Алматы облысында әлеуметтік топтарға салық жеңілдіктері ұсынылды

  Облыс тұрғындары мен кәсіпкерлері үшін көлік және мүлік салығын төлеу маңызды міндет болып қала береді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Олжас Отар баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша,