Жаңалық

Жетісу облысы: қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1085 жағдай тіркеліп, оның 764 зертханалық сараптамамен расталған. Олардың басым көпшілігі 5 жасқа дейінгі балалар, яғни 53,9%.

Айта кетерлігі ауырғандардың 79,5% бұрын қызылшаға қарсы вакцинация алмаған

Жалпы, қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация, арнайы емі жоқ. Сондықтан, аурудың таралуын болдырмау үшін тұрғындардың вакцинациямен жоғары деңгейде қамтылуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мақсатта Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес балаларға қызылшаға қарсы жоспарлы егу 12-15 айлығында және қайта егу 6 жаста жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, қосымша жаппай иммундаумен облыста 47913 адам қамтылды, оның ішінде 6-10 айдағы балалар 5048 2-4 жастағылар 30929, медициналық қызметкерлер 3577, екпелерді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі тұрғындар 8359. Қосымша жаппай иммундаумен жоспарланған 52 900 адамның 90,6% қамтылды.

Related Posts

Жаңалық

Тоқаев Бейжіңде өзіне дәріс берген профессормен 40 жылдан соң кездесті

  Президент Бейжің лингвистикалық институтында тағылымдамадан өткен кезінде өзіне дәріс берген профессор Лю Шициньмен әңгімелесті.   «40 жылдан кейін білім алған университетіме келіп, өзіңізді аман-сау көргеніме өте қуаныштымын. Мен сіздің
Жаңалық

Парламент депутаттары Алматы облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті

Өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті. Жиын барысында халық қалаулылары облыс аумағындағы сапарлары  шекаралық аудандардың инженерлік-инфрақұрылым, әлеуметтік, логистикалық, туризм, тағы басқа
Жаңалық

Алматы облысында жылыту маусымы кезінде 171 өрт оқиғасы тіркелд

«Өрт тілсіз жау». Аяқ астынан шыққан өрт зардабы орны толмас өкінішке душар етеді. Бұл апаттан сақтану үшін әрбір тұрғын үй иесі сақтық шараларын жасауы керек. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында