Жаңалық

Алматы облысында өрт сөндіру шаралары бойынша оқу-жаттығу өтті

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Түрген филиалының аумағында орман қорының өрт қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге қатысты мемлекеттік органдардың орман қоры аумағында өрттерді анықтау және сөндіру жөніндегі іс-қимыл алгоритмін жетілдіру үшін Алматы облысы ТЖД қызметкерлері ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – күрделілігі әртүрлі санаттағы ірі тау-орман өрттерін жою бойынша ұйымдастырылатын барлық мүдделі органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын пысықтау.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығу сценарийі бойынша шартты өрт Түрген шатқалының шығыс беткейінде орын алды және желдің салдарынан өрттің ауданы ұлғайып, таудың баурайында туристер демалатын учаскеге қарай жел бағытында жоғары және шығыс бағытта таралды. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында демалушы адамдарға және орман алқабына өрттің өту қауіпі төнді. Өрт «Қазавиалесоохрана» РМҚК АН-2  ұшағымен орман алқабын бақылау барысында анықталды. Жалын орнының мәліметтері мен координаттары диспетчерге берілді.

Оқиға орнына орман өртін жою үшін арнайы күштер мен құралдар жіберілді. Шатқалды тексеру үшін Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ат патрульі жұмылдырылды. Сондай-ақ орманды шолып тексеру, өрт ошақтарын анықтау, зардап шеккендерді іздеу және халықты өрт туралы хабардар ету үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды. Оқу-жаттығу шеңберінде екі рет тасымалданатын мотопомпаларды пайдалана отырып, өрт сөндіргіш затты каскадты әдіспен үздіксіз беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ рюкзакты өрт сөндіргіштерді толтыру әдістері пысықталды. Жедел-құтқару жасағы өрт орнында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп, өрт орнынан эвакуациялау тәсілдері мен кинологиялық есептеулерді қолданды. Барлық зардап шеккендер құтқарылып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне табысталды. Эвакуацияланған азаматтарға медициналық-психологиялық көмек көрсету және тамақпен қамтамасыз ету үшін лагерь ұйымдастырылды.

Жеке құрамның жедел әрекеттерінің арқасында өрт уақтылы оқшауланып, толық сөндірілді. Елдімекендерге, сондай-ақ орман аумағына оттың таралуына жол берілмеді.

Шартты орман өртін жоюға Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті, «Түрген орман шаруашылығы» ММ, «Алматы мемлекеттік табиғи кешенді қаумалы» ММ, «Қазавиалесохрана» РМҚК, жедел медициналық жәрдем, Полиция департаменті, ТЖМ №28237 және №6654 полктері, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілерден жалпы саны 80 жуық адам мен 20 техника жұмылдырылды.

Related Posts

Жаңалық

72 000 туристов за полгода: Алматинская область — магнит для путешественников

Алматинская область настоящий райский уголок с живописными ландшафтами, яркими достопримечательностями и сакральными места привлекает все больше туристов. За последние полгода регион посетило более 72 тысяч человек. Туристов манит не только
Жаңалық

Алматы облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті

Облыстық мәслихатта «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Жиынды «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы, депутаттық фракция жетекшісі Қуат Байғожаев ашып, отырыс партиялық бақылау комиссиясының жиналысымен бірлескен форматта өтетінін, өйткені күн
Жаңалық

Алматы облысында екі балдық жер сілкінісі болды

Қазақстандық сейсмологтар Алматы облысының тұрғындарына сезілген жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  2024 жылдың 2 қарашасында ҚР ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі Қырғызстан мен Қытай шекарасында, Алматыдан 258 шақырым жерде болған