Жаңалық

Алматы облысында Ауыл Аманаты бағдарламасына 1500-ға жуық өтініш келіп түскен

Өңірде «Ауыл аманаты» жобасы аясында 720-дан астам адамға шағын несие берілді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қонаев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру департаментінің директоры Диас Шаяхметов баяндады.
Елді мекендерде тұратын ағайын үшін жағымды жаңалыққа айналған бағдарламаның басты мақсаты — халықты тұрақты жұмыспен қамту мен ауыл тұрғындарының әлеуетін көтеру.
Былтыр мамыр айынан бастап Алматы облысының кәсіпкерлерін «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша қаржыландыру басталды. Мәселен, былтыр мамыр мен биылғы жылдың ақпан аралығында «Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы » АҚ-ға 10,6 млрд теңге сомасына 1450 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 1 045,6 млн теңге сомасына ауылдық кәсіпкерлік кооперативтерден 41 өтінім келіп түскен. Облыс аудандары арасында өтінімдер саны бойынша Еңбекшіқазақ, Кеген және Ұйғыр аудандарының кәсіпкерлері көш бастап тұр.

«Жоба аясында ауылшаруашылығы, мал және құс шаруашылығына басымдық береміз. Сауда-саттық жүргізу үшін несие берілмейді. Бағдарлама арқылы несиелеуге қатысу үшін кепіл, бизнес жоспар және ауылдық жерде тұрғылықты тіркеуде болу керек»,-деді Диас Шаяхметов

Спикердің айтуынша, қаржыландыру мерзімі кооперативтер мен мал шаруашылығына 84 айға дейін берілсе,айналым қаражатын толықтыруға 36 айға дейін қарастылған.
Қазіргі таңда «Қонаев «ӘКК» АҚ жеңілдікпен кредиттеуге түскен өтінімдердің ішінен жалпы сомасы 8 174,1 млн теңгеге 1129 өтінім мақұлданды. Оның ішінде 720 қарыз алушыға жалпы сомасы 5,4 млрд теңгеге қарыз берілді.
Сондай-ақ, брифингте Диас Шаяхметов несиенің ең жоғары қаражатын айтып өтті.Ең жоғары сомасы 2,5 мың АЕК немесе 8,6 млн теңге.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында туризмді дамытуға 58 млрд теңге инвестиция тартылады

Мерекелік демалыс күндері Алматы облысының әкімдігі мен бір топ инвесторлар арасында Ой-Қарағай шипажайын дамыту жобасына қажетті жағдайлар жасау және қолдау көрсету туралы Меморандумға қол қою ресми рәсімі өтті. Қол жеткізілген
Жаңалық

Қонаевта 36 жастағы тұрғынның миына күрделі ота жасалды

Қонаевта миға күрделі ота жасалды. 36 жастағы тұрғын абайсызда құлап, басынан қатты соққы алған. Шұғыл түрде қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер науқасты тексеру барысында бас сүйегінің сынуы мен эпидуральды және
Жаңалық

Жаңа аллея мен газ мәселесі: Байсеркеде тұрғындар әкіммен кездесті

  Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетовтің тұрғындармен кездесулері жалғасуда. Бұл жолы аудан басшысы Байсерке ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесті. Кездесуде Әли ауылында жаңа аллея салу, газдандыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелері көтерілді.
Жаңалық

Алматы облысында нашақорлыққа қарсы күрес күшейтілді

  Өңірде жасөспірімдер мен жастар арасында есірткінің таралуына жол бермеу мақсатында белсенді іс-шаралар жүргізілуде. Жыл басынан бері 376 алдын алу шарасы ұйымдастырылып, 214 дәріс мектептерде оқушыларға есірткінің зияны мен оның