Жаңалық

Алматы облысының тұрғыны алма бағында қарасора өсірген

Алматы облысында алма бағынан ірі көлемде қарасора плантациясы анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті.

«Алматы облысын тікұшақпен тексеру кезінде полиция қызметкерлері Түрген ауылының маңында «үнді» қарасорасының плантациясын тапты. Қарасора алма бағында 15 гектар жерде өсірілген. Жеміс ағаштарының арасында жасырылып отырғызылған есірткі өсімдігі толық суарылып, бапталған. Есірткі өнімін жасыру үшін оны өсірушілер осы тәсілді жиі қолданады. Көбіне олар жүгерінің, жеміс ағаштарының және басқа да дақылдардың плантациясында өсіріп жатады. Сондықтан қарасораны күздің аяғында, яғни ағаштар жеміс беріп, жапырақтары түсе бастаған шақта анықтау мүмкіндігі бар», – деді Шұғыла Тұрлыбек министрлікте өткен брифингіде.

Оның айтуынша, жер учаскесінің иесі – бұрын есірткі қылмысы үшін жауапқа тартылған жергілікті тұрғын. Одан жалпы салмағы 2,8 тонна болатын, 900-ден астам үнді қарасорасының бұтасы тәркіленді.

«Қарасораның бұл сортының ерекшелігі – ұзындығы 4 метрге дейін барады, салмағы 10 келідей болады. Мұндай марихуананың бір келісінің құны қара нарықта жарты миллион теңгеге жетеді. Сондықтан құрамында есірткі бар өсімдіктерді жинауға, өсіруге және сатуға байланысты қылмыстардың жолын кесуге бағытталған «Қарасора» арнайы операциясы маусым айынан қазан айының соңына дейін жалғасады», – дейді ол.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында автобус жүргізушілеріне МӘМС мүмкіндіктері түсіндірілді

МӘМС қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалының директоры тұрғындар арасында МӘМС мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіру үшін «Қапшағай автобус паркі» серіктестігіне барды. Мекеме ұжымымен кездесіп, жүргізушілерге сақтандырылған азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын
Жаңалық

Киелі мекен: Жетісуда тазалық акциясы жалғасуда

Жетісуда «Киелі мекен» апталығы аясында экологиялық шаралар жалғасын тапты Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары, білімгерлері және  Ілиястанушылар биыл 130 жылдық мерейтойы тойланатын ақынның ескерткішін қайта қалпына келтіру жұмыстарын
Жаңалық

Алматы облысында бәсекелестікті қорғау шаралары күшейтілуде

Алматы облысында бәсекелестікті арттыру үшін тауар нарықтарына ауқымды талдаулар жүргізілуде. Жыл басынан монополияға қарсы орган заң бұзушылықтарды анықтауға және оларды жоюға баса назар аударды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен
Жаңалық

Первая медаль Казахстана: Стрелки завоевали «бронзу» на Олимпиаде

Казахстанская команда по пулевой стрельбе принесла стране первую медаль Олимпийских игр-2024 в Париже, сообщает Olympic.kz. Наши спортсмены стали третьими в соревнованиях по стрельбе из пневматической винтовки (10 метров) среди смешанных