Жаңалық

Алматы облысында бәсекелестікті қорғау шаралары күшейтілуде

Алматы облысында бәсекелестікті арттыру үшін тауар нарықтарына ауқымды талдаулар жүргізілуде. Жыл басынан монополияға қарсы орган заң бұзушылықтарды анықтауға және оларды жоюға баса назар аударды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы Дәулет Қуатұлы баяндады.

Жыл басынан 11 нарыққа талдау жасалып, мектепке дейінгі білім беру, интернет және байланыс қызметтері, сұйытылған мұнай газы сияқты салаларда үстем немесе монополиялық жағдайға ие субъектілер анықталды. Бұл шаралар нарықтық тәртіпті қалпына келтіріп, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды көздейді.

“Біздің мақсатымыз – әділ бәсекелестікті орнату. Үстем жағдайды теріс пайдаланатын субъектілерге қатаң шаралар қабылдап жатырмыз. Бәсекелестік болмаса, тұтынушылар да, кәсіпкерлер де зардап шегеді”, – деп мәлімдеді Дәулет Қуатұлы.

Сонымен қатар, департамент мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін кеңейтуге қатысты 6 өтінішті қарады. Оның 2-уі мақұлданып, 4 өтініш бәсекелестікті шектеу қаупіне байланысты қабылданбады.

Айта кетерлігі, «Алтын Орда» көтерме базарына қатысты 123 млн теңге көлемінде монополиялық кіріс тәркіленіп, айыппұлдар салынды. Бұл аймақтық нарықтағы ең ірі бұзушылықтардың бірі болды.

Алдағы уақытта да Алматы облысының бәсекелестік нарығын жақсарту үшін қосымша шаралар қабылданатын болады. Нарықтағы заңсыздықтарды жою жұмыстары жалғаса береді, деп қорытындылады спикер.

Related Posts

Жаңалық

Серік Нұрқадыров Қонаев мәслихатына депутат болып сайланды

2024 жылғы 31 наурызда өткен Қонаев қаласы мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама 2024 жылғы 31 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қонаев қалалық мәслихатының шығып
Жаңалық

Алматы облысында Төтенше жағдай қызметкерлері жатақханалардың өрт қауіпсіздігін тексерді

Сақтықта қорлық жоқ. Алматы облысында жатақханалар мен хостелдердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған «ЖАТАҚХАНА» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында облыстық ТЖД МӨББ бастығының орынбасары Александр Пархоменко
Жаңалық

Алматы облысының аймағында 12 қар басуға ықтимал учаске бар

  2023 жылдың 1 қарашасынан 2024 жылдың қаңтар айының 4 аралығында өңірде Республикалық маңызы бар тас жолдар күннің кұрт суытуына байланысты 36 рет жабылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінің ақпарттық
Жаңалық

Қыркүйекте жалпылама декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталады

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Олжас Отар мәлімдеді. Олжас Отардың ақпарынша, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңі енгізілгенін, оның шеңберінде