Жаңалық

Алматы облысында Төтенше жағдай қызметкерлері жатақханалардың өрт қауіпсіздігін тексерді

Сақтықта қорлық жоқ. Алматы облысында жатақханалар мен хостелдердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған «ЖАТАҚХАНА» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында облыстық ТЖД МӨББ бастығының орынбасары Александр Пархоменко айтты.


Айтуынша, «Жатақхана» шарасының басты мақсаты – өңір аумағында орналасқан жатақханалардың тұрғындарын өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақыра отырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға үндеу.

Александр Пархоменко ТЖД өкілдері полицейлермен бірлесіп, 18 жатақханада рейдтік іс-шаралар өткізген. Аясында 7 кездесу, семинар ұйымдастырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында 37 мақала жарияланған.

«Адамдар көп жиналатын орындарда өрт қауіпсіздігі бойынша қатаң талаптар қойылады. Мұндай ғимараттарға жатақханалар да жатады. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар сақтық шараларын ұстану қажет. Сонымен қатар, жатақхананың әрбір тұрғыны өрт туындаған жағдайда қандай әрекет ету керектігін білуі тиіс. Азаматтарды хабардар ету алда қайғылы жағдайлардың алдын алуы мүмкін. Осыған орай, өңірдегі жатақханалар мен конақүйлерді толығымен аралап, жатақхана тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқамалар бердік. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу жағдайлары бойынша кемшіліктер анықталған мекемелерге ұсыныс жолданатын болады» -, дейді Александр Пархоменко.

Жатақханалар мен хостелдерде өрт қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтардың барлық фактілері туралы «101» және «112» диспетчерлік қызметінің пультіне хабарлау қажет.

 

 

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында Қытай үлгісіндегі шыны көпір салынады

Алматы облысының табиғаты ерекше «Қара шатқал» аймағында елде баламасы жоқ бірегей нысан — шыны көпір салынбақ. 80 метр биіктікте, 170 метр ұзындықпен керілген бұл көпір туристерге ерекше әсер сыйлап, аймақтың
Жаңалық

Дәрігерлер пышақ жарақатынан 1,5 литр қан жоғалтқан жасты құтқарды

Талғар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне ЖМК бригадасы белгісіз біреулердің қолынан пышақ жарақатын алған жас ер адамды жеткізді. Ол шұғыл түрде хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Науқасқа іш қуысының жарақаты және сол
Жаңалық

Жетісуда меценат гемодиализ орталығын ашты

Жетісуда тағы бір гемодиализ орталығы іске қосылды. «Туған жерге туың тік» дегендей, Сарқан ауданы Қарауылтөбе ауылында туып-өскен азаматтың меценаттық жасауымен Сарқан аудандық аурухана базасында гемодиализ орталығы ашылды. Оған кәсіпкер 60