Жаңалық

Алматы облысында 389 ауыл мектебі олимпиадаға қатысады

Алматы облысында жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық деңгейдегі олимпиада басталды. Дарынды оқушылардың сайысына ауыл мектептерінде білім алатын 9-11 сынып оқушылары қатысады,-деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Республика бойынша 85401 оқушы олимпиадаға қатысса, соның ішінде Алматы облысында 8684 бала бақ сынайды. Ауыл мектептерінде оқитын оқушылар арасындағы білім бәсекесі 20-30 қараша аралығында өтеді.

«Алматы облысынан бүгінгі олимпиадаға 389 ауыл мектебі қатысуда. Оқушылар 13 пәнен бойынша сынақ тапсырады. Тапсырмаларды тестілеу түрінде орындайды. Аталған білім сайысы балалардың көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді. Барша қатысушы жастарға сәттілік»,-деді Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Елубаева.


Дарындылар додасына ең көп өтініш берген аймақ Іле ауданы. Мұнда олимпиадаға қатысуға 2370 бала өтінім берген. Ал өзге аймақтарға келер болсақ, Балқаш ауданы-325, Еңбекшіқазақ ауданы-1202, Жамбыл ауданы-1007, Іле ауданы-2370, Кеген ауданы-339, Қарасай ауданы-1645, Қонаев қаласы-139, Райымбек ауданы-312, Талғар ауданы-832, Ұйғыр ауданынан 513 оқушы олимпиадаға қатысады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиада үш кезеңнен тұрады. Оқушылар жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыт негізінде сынақ тапсырады.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында өрт сөндіру шаралары бойынша оқу-жаттығу өтті

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Түрген филиалының аумағында орман қорының өрт қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге қатысты мемлекеттік органдардың орман қоры аумағында өрттерді анықтау және сөндіру жөніндегі іс-қимыл алгоритмін жетілдіру үшін Алматы
Жаңалық

Алматы облысында папиллома вирусына қарсы 30 мың вакцина алынады

  Жатыр мойнының обыры әйел адамдарда кездесетін онкологиялық аурулардың үштігіне кіреді. Дерттің негізгі себебі, жыныстық жолмен берілетін-папиллома вирусы. Вирус симтомсыз дамиды. Ауру белгілері байқалса, бұл бірінші,немесе төртінші сатысынан хабар беретіні
Жаңалық

«Қонаев» ӘКК қаражатты депозитке салған — Жоғары аудиторлық палата

Жоғары аудиторлық палата Алматы облысында мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігіне аудитті аяқтады. Оның нәтижелері Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен палата отырысында қаралды. Мемлекет басшысының бастамасы аясында Алматы облысы 2022 жылы Жетісу облысының
Жаңалық

Алматы облысында жылыту маусымы кезінде 171 өрт оқиғасы тіркелд

«Өрт тілсіз жау». Аяқ астынан шыққан өрт зардабы орны толмас өкінішке душар етеді. Бұл апаттан сақтану үшін әрбір тұрғын үй иесі сақтық шараларын жасауы керек. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында