Жаңалық

Жетісу облысына жұмысқа орналасқан 70 маманға жәрдемақы беріледі

Жетісу облысындағы медициналық ұйымдарға 2024 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап жұмысқа орналасқан жас мамандарға облыс әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасы арнайы комиссияның шешімімен жәрдемақы тағайындады. Шешім бойынша ауылға жұмысқа орналасқан жас мамандарға 10 млн теңге, қаладағы медициналық мекемелерге орналасқан дәрігерлерге 5 млн теңге көлемінде жәрдемақы беруді жоспарлап отыр. Басқарма басшысы Жансеңгіров Арман Серікұлы биылғы жылы 70 маманға жәрдемақы беру қарастырылғанын айтты.

-Бүгінгі күні Жетісу облысына 186 маман қажет. Бірақ биылғы жылы арнайы комиссияның шешімімен бекітілген аса тапшы 70 бейінді маманға яғни, ауылға жұмысқа орналасқан жас маманға 10 млн теңге, қалаға жұмысқа орналасқан маманға 5 млн теңге беруді жоспарлап отырмыз. Жәрдемақыға үш ай сынақтан өткеннен кейін қол жеткізе алады. Сынақ мерзімі аяқталған соң мекеме басшысының ұсынысын денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен құрылған арнайы комиссия қарастырады. Комиссияның шешімінен кейін үміткерге жәрдемақы берілетін болады. Қай аудандарға қандай бейінді мамандар қажет екені туралы толық ақпаратты денсаулық сақтау басқармасының сайтынан көруге болады, — деді басқарма басшысы.
Облысқа қажетті мамандар қатарында анестезиолог- реаниматолог (12), акушер гинеколог (13), жалпы тәжірибелі дәрігер (21), невролог (7), хирург (4), гематолог (1), патологоанатолог (1), травматолог (9), фтизиатр (1), жақ-бет хирургі (1) бар.
Айта кетсек, Денсаулық сақтау басқармасы жас мамандардың біліктіліктерін арттыру курстарын жиі ұйымдастырады. Өткен жылы 600-ден астам медицина қызметкері білімдерін жетілдіру курстарынан өтті.
Сонымен қатар мамандарды жергілікті әкімдік грантымен оқыту қарастырылған. 2023-2024 оқу жылында 45 резидент-дәрігер әкімдік грантын иеленді.

Бүгінгі күні Жетісу облысындағы медициналық ұйымдарда 2000 мыңға жуық дәрігер жұмыс істейді.

Related Posts

Жаңалық

ТМККК пакетіне не кіреді?

Елімізде медициналық сақтандыру мәртебесіне қарамастан медициналық көмекті тегін алуға бола ма? Бұл туралы МӘМС қоры Алматы облыстық филиалының өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде алуға болатын қызмет
Жаңалық

ЖУ-да «Менің туым» акциясы өтті

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде  25 қазан – Республика күні қарсаңында «Менің туым» акциясы өтті. Мемлекеттік ту көтеру  рәсіміне Әскери кафедра  командирлері, университет оқытушылары мен қызметкерлері, студенттер қатысты. Әлеуметтік жұмыс және
Жаңалық

Қонаевта биыл 8 мыңнан астам жасөспірім психологиялық көмекке жүгінген

Жастар денсаулық орталығының психологы Диана Ришатовна брифингте орталықтың жасөспірімдерге бағытталған маңызды қызметтерін баяндады. Оның айтуынша, ЖДО-ға жыл сайын 10 000-ға жуық жасөспірім жүгінсе, жыл басынан бері 8 000-нан астам жасөспірім
Жаңалық

Алматы облысында БАҚ өкілдерінің қатысуымен рейдтік іс-шаралар өткізілді

  2024 жылғы 9 тамызға қараған түні Алматы облысы Қапшағай су қоймасының қалалық коммуналдық жағажайларында БАҚ өкілдерінің қатысуымен түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілді. Құтқарушылар тәуліктің қараңғы уақытында суда шомылатын заң бұзушыларды