Жетісу облысыҚұқық

Жетісу облысында  «Борышкер-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Наурыз айының 27 мен 29 аралығында Жетісу облысының Полиция департаменті жеке сот орындаушылармен бірлесіп, «Борышкер-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Рейд барысында көлік салығы мен алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтарға шара қолданылады. Осындай ақпаратпен Б.Құранбек атындағы журналистер үйінде БАҚ өкілдерімен кездесуде Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Саят Ибраимов бөлісті.

«Жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін 20 мыңнан астам хаттама борышкерлерге мәжбүрлі түрде жолданды. Оның барлығына жеке сот орындаушылармен атқарушылық өндіріс қозғалды. Сондай-ақ, жыл басынан «Борышкер» іс-шарасы щеңберінде айыппұлдары бар 27 автокөлік арнайы тұраққа қойылды», — деді полиция майоры.

Акцияның басты мақсаты — жазадан құтылмаушылық қағидатын сақтау, айыппұлдар мен алиментті төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерді анықтап, әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеу қажеттілігі туралы халықты хабардар ету.

Іс-шараға  Полиция  және  Әділет, Мемлекеттік Кірістер департаментінің қызметкерлері және жеке сот орындаушылар мен олардың көмекшілері атсалысуда.

 

Related Posts

Жетісу облысы

Ақсулық ақсақалдар референдумға белсенді қатысуға шақырды

Ақсу, Сарқан аудандарының Құрметті азаматы О.Исанованың, Ақсу ауданының Құрметті азаматы Д.Мұхаметшаровтың, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Айтбаевтың, аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Б.Құрманғалиеваның өздеріне бекітілген дауыс беру учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасады.
Жетісу облысы

Талдықорғандық қариялар ақ батасын берді

Талдықорғанда дауыс берушілердің белсенділігі өте жақсы. Қариялар келіп,өз баталарын беруде. Солардың қатарында ардагер Балкыбаев Серікбек атамыз да бар. Ол Талдықорған қаласындағы №435 референдум учаскесінде өз таңдауын жасап, ондағы қызмет етіп
Жетісу облысы

Жетісу облысында қызылшаға қатысты жағдай тұрақты

Өткен жылдың соңында аймақта қызылша ауруының күрт өсуі байқалды. Егер қараша айында 144 жағдай тіркелсе, желтоқсанда олардың саны 218-ге дейін өсті. Қаңтар айында сырқаттанушылық төмендеп, 100 адам болды. Бүгінгі күні
Жетісу облысы

Инфекциялардың алдын алудың ең тиімді әдісі – вакцинация

Көктемнің басталуымен түрлі аурулар мен инфекциялар қаупі артып келеді. деп атап өтті Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова. Вакцинация дифтерия, көкжөтел, қызылша, полиомиелит,