Жаңалық

Үкімет басшысы өңір әкімдеріне еңбек жәрмеңкелерін жүйелі өткізуді тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов өңір әкімдеріне еңбек жәрмеңкелерін жүйелі өткізуді тапсырды.

«Өңір әкімдері бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін жүйелі түрде өткізіп, Астанада іске асырылып жатқан «Жолтап» пилоттық жобасын үлгі ретінде пайдалану қажет. Еңбек министрлігі Мәдениет министрлігімен бірге жұмысқа орналасудың жаңа мүмкіндіктері туралы халықты хабардар ету шараларын күшейтуі тиіс», – деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ, ол Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігіне облыстық Еңбек ұтқырлығы орталықтары мен аудандық Мансап орталықтарының әлеуетін ұтымды пайдалануды тапсырды.

«Аталған орталықтар жұмыстарын біршама жаңғыртып, қайта ұйымдастырды. Енді Еңбек министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, осы орталықтар арқылы жұмысқа орналастыру жүйесіне мониторинг жүргізу механизмін жетілдіруі тиіс. Міндетті зейнетақы аударымдары бар электрондық еңбек шарттарының жасалуына ерекше назар аудару қажет», – деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы әкімдіктер құрылып жатқан жұмыс орындарының сапасына баса назар аудару керектігін еске салды.

«Жұмысқа орналастыруды мемлекеттік қолдау аясында ғана емес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен жеке инвесторлар арқылы да қамтамасыз ету қажет», – деді Премьер-Министр.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысы бойынша желілердің тозуы орта есеппен 13% — ға дейін төмендейді

«Тарифті инвестицияға алмастыру» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілді. Аталған бағдарлама нәтижесінде су құбыры, кәріз жылу желілері мен электрмен жабдықтары жаңартылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық экономика
Жаңалық

Алматы облысында гидроцелеге шалдыққан науқасқа сәтті ота жасалды

Қонаев қаласының тұрғынында бұдан бөлек шап жарығы анықталған. Өзі тіркелген ауруханада қажетті зерттеуден өтіп, жоспарлы отаға жіберіліпті. Дәрігер-уролог Айдар Жанбатырұлы отаның 1 сағатқа созылып, сәтті аяқталғанын айтады. «Көбінесе, гидроцеле туғаннан
Жаңалық

Алматы облысында экотуризм дамуда

Алматы облысы Қазақстанның табиғаты ең көрікті өңірлерінің бірі ретінде экотуризмді дамытуға үлкен үлес қосып келеді. Бұл туралы туризм басқармасының инфрақұрылымды дамыту және туристік жобаларды жүзеге асыру бөлімінің басшысы Шерхан Есентеміров
Жаңалық

Басты мақсат – сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жыл басынан 3 мыңнан аса тұрғын тіркелген. Бүгінде мекеме барлығы 77 жарым мыңдай адамға медициналық көмек көрсетуде. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде