Жаңалық

Жетісу облысында көші-қон заңнамасын бұзған 365 азамат анықталды

Көші-қон заңнамасын бұзудың жолын кесу үшін 8-13 сәуір аралығында «Мигрант және Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараға 181 полиция қызметкері жұмылдырылып, 365 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 238 шетел азаматтарына қатысты және 127  Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жетісу облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ерлан Раймбеков баяндады.

«Жыл басынан бері үш ай ішінде облысқа 6253 шетелдік азамат келген. Оның 1235-і еңбек мигранттары. Көші-қон заңнамасын бұзушыларды сот шешімімен  тысқары шығару туралы қаулысын орындау мақсатында 2 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды. Олар енді Қазақстанға бес жылға дейін кіре алмайды. Сондай-ақ,  Полиция департаменті бойынша 2020-2023 жылдардың сот шешімдерін орындамаған  Өзбекстан Республикасының 2 және  1 Германия азаматы іздестірілуде», — деп толықтырды полиция полковнигі.

Алдағы уақытта облыс аумағына шетелден келетін азаматтарға қатысты көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және кінәлілерді, оның ішінде қабылдаушы тарапты жауапқа тарту шараларын қабылдау бойынша заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу жөніндегі құқықтық, ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешенін іске асыру жалғасастын болады.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында төтеншеліктер мәлімдеді. Алматы облысы ТЖД басшысының орынбасары, полковник Данияр Қасымовтың айтуынша, қаңтардың 23-і күні түнгі сағат 00:09-де жер сілкінісінің алғашқы дүмпуі сезілген. Мамандардың
Жаңалық

Қонаев әскерилері Республика күніне арналған әннің тұсауын кесті

Қонаевтағы 32363 әскери бөлімінің қызметкері Досжан Ақатай Республика күніне арнап «Жаса қазағым» патриоттық әнін жазған, деп хабарлайды Қонаев қаласының әкімдігі. Шаһарда өткен салтанатты шарада әннің тұсауы кесілді. Досжан Ақатайдың бірнеше
Жаңалық

Алматы облысында Мобильді қоғамдық қабылдау Жамбыл ауылында жалғасын тапты

«AMANAT» партиясының Алматы облыстық мобильді қоғамдық қабылдау тобы Жамбыл ауылында болып, тұрғындардың өзекті сұрақтарын тыңдады. Қабылдау тобының құрамында облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ облыстық басқарма басшылықтары және мамандары болды.