Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында өрттің алдын алу үшін іс-шаралар қабылдануда

2024 жылдың өрт қауіпті кезеңінде облыста орман өртінің 1 жағдайы және дала өртінің 14 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Жетісу облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, подполковник Сергей Огай және облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының экологиялық сараптама бөлімінің басшысы Қанат Даурембеков айтып берді.

Подполковник Сергей Афанасьевичтың айтуынша, табиғи өрттер мен жану қаупін азайту мақсатында кезең-кезеңмен іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ облыстың елді-мекендерінде табиғи  өрттерге жедел  ден  қою үшін қалалар мен аудандардың әкімдіктері саны 2 мыңнан асатын 157 ерікті өртке қарсы құралымдар мен 46 өрт сөндіру бекеттерін құрды, олардың қарулануында 798 бірлік арнайы және бейімделген техника бар.

Сондай-ақ, орман-дала өрттерінің алдын алу, сөндіру мақсатында және орман заңдылықтарын бұзушылықтардың алдын алу жөнінде орман мекемелері бойынша 10  шақырым минералдық жолақтар жаңадан  жасау, 1513 шақырым жерге минералдық жолақтарға күтіп-баптау жұмыстары жоспарлануда. Ормандарды өрт қауіпсіздігі, орман заңдылығын бұзушылықтардың алдын алу тақырыбында 193 дана аншлаг, панно, билбордтар орнату жоспарланған. Сондай-ақ, облыстың барлық орман шаруашылықтарында 7,8 тонна дизель отыны және 11 тонна бензин түріндегі  жанар-жағар май ұйымдастырылды.

 

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында қызылша ауруы бойынша тұрақтылық тенденциясы байқалады

Жетісу өңірінде қызылша ауруы бойынша тұрақтылық тенденциясы байқалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният атап өтті. Бүгінде облыста бұл сырқатқа шалдыққандар саны 593 адам. Ауа-тамшыларымен тарайтын жұқпалы
Жетісу облысы

Жетісу қыздары 2024 жылдың қыркүйегінде адам папилломавирусына қарсы егіле бастайды

Жатыр мойны обырының дамуына адамның папиллома вирусынан туындаған инфекция әсер етеді. Вирусты жұқтырудың және оның дамуын болдырмаудың жалғыз жолы  - вакцинация. Сондықтан биыл қыркүйек айынан бастап адам папилломавирусына қарсы екпе
Қоғам

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде ауызашар дастарқаны жайылады

«Ораза тұтқан жандарға облыстық «Қапшағай» мешіті атынан күн сайын 120 адамға ауызашар дастарқаны жайылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы айтты. Дін қызметкерінің
Қоғам

1 желтоқсаннан бастап көлік иелеріне айыппұл салынады

Темір тұлпар тағасын қысқа дайындамаған жүргізушілер 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Бұл көрсеткіш биылғы жылдың соңына дейін сақталып, 2024 жылдың алғашқы күнінде салық саны артады. Осы жайында Жетісу облысы ІІД