Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында биыл балаларға арналған жаңа сауықтыру лагерлері ашылады

Биыл жазғы маусымда Жетісу облысы бойынша 9 маусымдық, 1 киіз үйлік балаларды сауықтыру лагерлерін іске қосу жоспарлануда. Олардың арасында Алакөл ауданындағы «Шағала» және «Жалын», Ақсу ауданындағы «Тамшыбұлақ», Ескелді ауданындағы «Көктөбе», Көксу ауданындағы «Қарлығаш», Панфилов ауданындағы «Қарлығаш», сондай-ақ, Текелі қаласында «Алтын Шажа», «Эдельвейс» және «Бастау» сияқты нысандар болады. Бұл туралы Б. Құранбек атындағы Журналистер үйінде Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов пен Жетісу облысы Білім басқармасының қосымша білім беру ғылыми-практикалық орталығының директоры Айбол Қасенов айтып берді.
Облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 102,7 мыңға жуық бала, сондай-ақ, оның ішінде әлеуметтік санаттағы отбасылардан шыққан балалар осы лагерьлерде сауықтыру демалысына қатыса алады.
«Бұл бастаманы қолдау үшін жергілікті бюджеттен 538 миллион теңге бөлінді. Бұл бір балаға шамамен 65 мың теңге. Балаларға туристік сапарларға, зияткерлік іс-шараларға, еңбек қызметі мен шығармашылық үйірмелерге қатысуға мүмкіндік беру жоспарлануда», — деді Айбол Қасенов.
Департамент басшысының орынбасары әрбір лагерь ашылғанға дейін санитарлық нормаларға сәйкестігін мұқият тексеру жүргізіліп, тиісті санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар берілетінін атап өтті.

Related Posts

Қоғам

Текелілік бүркітші Бүркітбай Файзулла өз дауысын берді

№445 дауыс беру учаскесіне құмай тазы, бүркітімен бірге отбасын ала келген текелілік бүркітші Бүркітбай ел болашағы үшін өз дауысын берді. Бүркітшілер отбасы бұл маңызды күні арнайы қазақы нақышта тігілген ұлттық
Жетісу облысы

ҚАБАНБАЙЛЫҚ ӘЖЕЛЕР ДАУЫС БЕРДІ

Еліміздің жарқын болашағы жолында Қабанбай ауылының Әжелер ансамблі бірауыздан келіп, №74 дауыс беру учаскесінде өз таңдауларын жасады. Әжелердің айтуынша, Қазақстанның әр азаматы өзінің азаматтық парызын орындап, қуатты ел болашағы үшін
Қоғам

Алматы облыстық депутаты: Жаңа елтаңбамыз жайлы ойланар кез келді

Құрметті достар! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Атырау қаласында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті. Ұлттық Құрылтай – ұлт болашағына қатысты маңызды мәселелерді талқылап, шешім іздейтін бірегей алаң. Бүгінгі Құрылтайда
Жетісу облысы

Жетісу облысында кене шағуының 470 жағдайы тіркелді

Жыл басынан бері Жетісу облысында 470 кене шағу тіркелді. Оның ішінде 230 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында орын алды. Кене энцефалитінің эндемиялық аймағына Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары