Жетісу облысыМедицина

Жетісу облысында балалар арасында көкжөтел ауруы жиіледі

Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депар-таментінің басшысы Асхат Чарапиевтің мәліметінше, өңірде көкжөтелдің алғашқы нақтамасымен  66  жағдай  тіркеліп,  оның 34-і расталды. Оның  ішінде 1 жасқа дейінгі балалардың көрсеткіші көп. Сырқаттанушылық облыстың  Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Панфилов, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласында тіркелді.

«Бүгінгі күні Жетісу облысы бойынша расталған жағдайлардың 94 пайызы бұрын көкжөтелге қарсы бірде-бір екпе алмаған. Осы орайда, инфекциялық  ауруды  төмендету үшін бірқатар шаралар атқарылуда. Мәселен, жоспарлы түрде 2024 жылдың төрт айында 2, 3, 4, 18 айдағы және 6 жастағы 10 мыңнан астам балаға көкжөтелге қарсы екпе егілді. Ал, 18 жасқа дейінгі екпе алмағандардың иммундық мәртебесіне ревизия ұйымдасты-рылып, екпе жұмыстары  жүргізілуде. Айта кетейік, науқастардың арасында ересектер тіркелген жоқ», — деді департамент басшысы.

Маманның айтуынша, көкжөтелдің белгілері жоғарғы тыныс жолдарының бактериялық инфекциясына ұқсас, яғни дене қызуы +38°С-қа дейін көтеріледі, адам қалтырап, әлсіздік, бұлшықеттердегі ауру, бас ауруы пайда болады. Мұрыннан су ағып, бітеледі, құрғақ жөтел мазаны алады.

Инфекция ауырған адаммен тығыз байланыста болған кезде ауа-тамшы жолымен жұғады. Сырқат адам инфекцияны 30 күн бойы тарата алады.

Департамент басшысы көкжөтелге қарсы негізгі алдын алу шарасы вакцинация екенін атап өтіп, облыс тұрғындарына балаларын  екпемен қамтуға шақырды.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өз таңдауын жасады

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жұбайы Әсия Ғабдиманқызымен бірге Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде орналасқан №389 референдум учаскесінде дауыс берді.  - Бүгін тарихи маңызы бар күн. Өйткені егеменді тарихымызда
Жетісу облысы

Шаг Навстречу Инновациям: Команда учащихся NIS Талдыкорган — Лучшие

Ученики Назарбаев Интеллектуальной школы города Талдыкорган создали инновационный проект «E-Kurultay». Изобретение обещает преобразовать взаимодействие граждан с органами местного самоуправления, предлагая простой и эффективный канал для подачи и обработки заявок по
Жетісу облысы

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына Жетісу өңірінің 203 мыңға жуық баланы тіркеді

Еліміздегі барлық балалардың есепшотына «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша алғашқы нысаналы жинақтары түсті. Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 6 миллион 920 мыңға жуық. Оның ішінде Жетісу облысында 2023 жылдың 31
Жетісу облысы

Жетісу облысында 32 мыңға жуық тұлға декларациялаудан өтті

Бүгінгі таңда Жетісу облысындағы кірістерді декларациялау жүйесіне 118 мыңға жуық жеке тұлға кірді. 2024 жылдың басынан бастап кірістер мен мүлік туралы Декларацияда көрсету үшін ақпарат тізбесі қысқарды. Енді жеке тұлғалар