Жетісу облысыМедицина

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы жүзеге асып жатыр

Жетісу облысында биыл біршама медициналық нысанның құрылысы басталады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте хабарлады.

Денсаулық сақтау саласы үшін халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету – басты басымдық. Бұл ретте «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық  жобасы аясында 2023-2025 жылдар аралығында аудандарда 15 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік және 5 медициналық пункт салу жоспарланған.

«Бүгінде барлық 59 денсаулық сақтау нысанын салуға жер-кадастрлық жоспарлар дайындалды. Бұл үшін жергілікті бюджеттен дайындық жұмыстарына 500 млн. теңге бөлінді. Атап айтқанда, бұл медициналық нысандар Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандарында салынады. Одан бөлек, Ұлттық  жобаға Панфилов ауданының көпсалалы ауруханасы да енгізілді. Жаркент  қаласының қолданыстағы  ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарымен қайта жаңарту және аурухананың жаңа блогын салу үшін 142 млн. теңге сомасына келісім-шарт жасалды», — деді басқарма басшысы.

Біраз уақыттан бері аймақтағы онкологиялық орталықтың толыққанды медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік бере алмай отырғандығы, нысанның ескіруі, ота жасау және жансақтау бөлімшесі, палаталардың жағдайы мәселе ретінде көтеріліп жүр. Осы орайда басқарма басшысы инвесторлардың көмегімен онкологиялық орталыққа құрылыс жұмыстарын жүргізудің жоспарда бар екенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта онкологиялық диспансерді инвесторлар есебінен салу жоспарлануда. Өздеріңіз білетіндей, онкологиялық диспансердің ғимараты өте ескі. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда. Қаратал шағын ауданындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының маңында онкологиялық орталықтың құрылыс жүргізілетін болады.

Одан бөлек, Ұлттық  жоба аясында көпсалалы ауруханаға республикалық бюджеттен 238 млн. теңгеге 33 бірлік медициналық техника сатып алынды.

 

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісуда 21 мыңнан астам адамды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарлануда

Биыл «2024 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту картасы» шеңберінде 33,5 мың адамды, оның ішінде 21 мың азаматты тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Тұжырымдама аясында және бос жұмыс орындары есебінен осы жылы
Жетісу облысы

Күзде қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина салынбақ

Елімізде 11 жасар қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина егу жұмыстары жоспарлануда. Екпені ата-ананың жазбаша келісімімен 2024 жылдың күзінен бастап Қазақстан Республикасының мектептерінде немесе тұрғылықты тіркелген мекенжайы бойынша толығымен тегін
Жетісу облысы

Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне шыққан сұхбатын сарапшылар талдау жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Egemen Qazaqstan» газетіне шыққан «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұхбаттын Талдықорған қаласының сарапшылары талдады. Жиынға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұжымы,
Жетісу облысы

Талдықорғандағы қатты тұрмыстық қалдықтарға байланысты даулы мәселеге қатысты нақты жауап берді

Естеріңізге салсақ, 1 маусымнан бастап қала бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды «Жаңа Сана» ЖШС-гі шығаруды бастаған болатын. Алайда, жаңа мекеменің жұмысына қатысты әлеуметтік желілерде сынға толы жарияланымдар шыққан еді. Аталған мәселені