Жаңалық

Alatau Hub: Алматы облысындағы IT саласының дамуындағы жаңа кезең

2024 жылдың 15 мамырында Алматы облысының әкімшілік орталығы – Қонаев қаласында «Alatau Hub» өңірлік инновациялық орталығы ресми түрде іске қосылды. Хабтың ашылуы аясында еліміздегі ірі IT-компаниялардың көрмесі ұйымдастырылып, өңірдегі үздік стартаптар да өз жобаларын ұсынды.
Alatau Hub елдегі басқа өңірлік инновациялық орталықтар сияқты түрлі іс-шаралардың, соның ішінде кездесулер, Pizza Pitch, шеберлік сабақтары, Speaker Talks, Idea Battle және т.б. үшін негізгі алаңға айнала отырып, Astana Hub-тың білім беру және инкубациялық бағдарламаларын таратады. Бұл іс-шаралар аймақтағы ІТ қоғамдастықтың қалыптасуы мен дамуына, сондай-ақ білім мен тәжірибе алмасуға ықпал етеді.
IT хабтың ашылуы аймақтағы технологиялық инфрақұрылымды дамыту мен инновациялық идеяларды қолдаудағы маңызды қадам болып табылады. Alatau Hub Алматы облысының ІТ-қауымдастығын дамытуда жаңа стандарттарды белгілейді. Оның мақсаты – аймақтағы технологиялық кәсіпкерлікті танымал ету, стартап мәдениетін қалыптастыру, IT-индустрия мен цифрлық білім беруді дамыту.
Бүгінгі күні Алатау хабы Astana Hub басқаруымен іске қосылған 14-ші аймақтық хаб болып табылады. Басты мақсат – биылғы жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірлерін қамту. Әрбір аймақтық ІТ хабында, IT саласындағы дағдыларын дамытқысы келетіндердің барлығына көмектесетін, аймақтық қауымдастық менеджерлері бар.
Атап айтқанда, Alatau Hub-та заманауи оқу және дизайн материалдарымен жабдықталған жеке робототехника сыныбы бар, онда 40-тан астам орта мектеп оқушылары үйірмелерге тегін қатыса алады.
Сондай-ақ, өңірде стартаптар үшін 20 заманауи жұмыс орны ашылды, онда Аstana hab-ның барлық білім беру бағдарламалары тегін көрсетіледі. Бұл бағдарламалар: «Startup school», фрилансинг мектебі, «No code», «Low code», сонымен қатар қыздарға арналған «Tech girls» т.б жеке бағдарламалары бар.
Өңірлерде технологиялық саланы дамыту, тұрақты экономикалық өсуді және әлеуметтік прогресті қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады. 2023 жылдан бері аймақтық хабтарда 1000-нан астам іс-шара өткізілді және 300-ден астам стартап-идеялар ұсынылды. Өңірлерден 80-нен астам IT-компаниялар біздің технопаркке қатысушылар болды. Хабтар Google Developers Group, USAID, Digital Nomads сияқты серіктестермен бірге әртүрлі бағдарламаларды іске қосады, әсіресе аймақтық хабтар үшін. Бұл вебинарлар, байқаулар, хакатондар арқылы, біз Қазақстанның аймақтарында дамытуды бастаймыз.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында инновациялық экожүйені өңірлік деңгейде кеңейтудің маңыздылығын атап өтіп, Astana Hub тәжірибесін кеңінен тарату міндетін қойған болатын.

Related Posts

Жаңалық

Қонаевта биыл 8 мыңнан астам жасөспірім психологиялық көмекке жүгінген

Жастар денсаулық орталығының психологы Диана Ришатовна брифингте орталықтың жасөспірімдерге бағытталған маңызды қызметтерін баяндады. Оның айтуынша, ЖДО-ға жыл сайын 10 000-ға жуық жасөспірім жүгінсе, жыл басынан бері 8 000-нан астам жасөспірім
Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1266 жағдай тіркеліп, оның 904 зертханалық сараптамамен расталған. Жалпы, қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация, арнайы емі
Жаңалық

Алматы облысының аймағында 12 қар басуға ықтимал учаске бар

  2023 жылдың 1 қарашасынан 2024 жылдың қаңтар айының 4 аралығында өңірде Республикалық маңызы бар тас жолдар күннің кұрт суытуына байланысты 36 рет жабылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінің ақпарттық
Жаңалық

Алматы облысында 123 мың адам тұмауға қарсы вакцина алды

Бүгінде жалпы өңір халқының 8 пайызы иммунитетін жасанды жолмен күшейткен. Бұл туралы Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Жыл сайын аймақта вирустық инфекциялардың 400 мыңға