Жаңалық

Менингококк инфекциясының алдын алу

Менингококк инфекциясы — бұл симптомсыз тасымалдаушыдан, назофарингит (мұрын мен жұтқыншақ шырышты қабығының қабынуы), менингит (ми қабығының қабынуы) және менингококкты сепсис (инфекцияның қанға жұғуы) өткір түрінде өтетін, бактериядан туындайтын жіті инфекциялық ауру.

Инфекция көзі-ауру адамдар және «дені сау таратушылар», яғни қандай да бір клиникалық көріністері жоқ, бірақ олар менингококкты тасымалдаушылар.

Менингококк инфекциясының маусымдылық кезеңі қыс және көктем мезгілдеріне келеді.

Инфекцияның таралу жолы-ауа тамшылары арқылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде). Инфекцияның қоздырғышы сыртқы ортада өте тұрақсыз. Микробтар науқаспен немесе тасымалдаушымен ұзақ және тығыз қарым-қатынас кезінде жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттары арқылы дені сау адамның организміне енеді. Инфекция жұқтырғаннан бастап ауру басталғанға дейін бір күннен он күнге дейін созылады. Науқас айналасындағы адамдар үшін аурудың алғашқы күндерінен бастап жұқпалы болады. Көбінесе иммундық жүйесі қалыптаспағандықтан 5 жастан кіші жастағы балалар ауырады, сондай-ақ жасөспірімдер мен жас адамдар ауырады, себебі бұл жаста адамдар түнгі клубтарда көп уақыт өткізеді, олар көптеген қауіп факторларының жиынтығымен ерекшеленеді-бұл адамдардың көптігі, темекі шегу, ортақ сусындар және т. б.

Менингит үшін аурудың кенеттен басталуы тән: кенеттен қатты бас ауруы, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпе пайда болады, дене қызуының 39-40°С дейін көтерілуі, қалтырау пайда болады. Тері бозарады. Жалпы әлсіздік, арқада және аяқ-қолда ауырсыну байқалады. Науқастарда шөлдеу, тәбетінің төмендеуі болады. Ауру тұмау, тамақ ауруы, мұрынның бітелуі, тонзилит және т.б. сияқты салыстырмалы түрде «зиянсыз» ауруға ұқсап жеңіл түрде өтуі мүмкін, сондықтан ол өте қауіпті. Салқын тигеннен, ауырғаннан, шаршағаннан туындайтын организмнің қорғаныш күштерінің әлсіреуі сияқты қолайлы жағдайлар пайда болғанда менингококк бастың ми қабықшасына енеді және қабынуды тудырады.

Алдын алу: Катаралды көріністерімен (тамақтың қызаруы, дене қызуының көтерілуі, бас ауру, әлсіздік) аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда дәрігерге қаралу және оның ұсыныстарын орындау қажет.

Әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне, сауда-ойын сауық орындардағы ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке гигиенаны сақтау қажет.Үй-жайды жиі желдету, ұйымдастырылған ұжымдарда күнделікті ылғылды тазалау жұмыстарын жүргізу керек.

Созылмалы инфекциясы бар ошақтарды санациялауды жүргізу маңызды, балалық шақта бұл көбінесе жұтқыншақ, құлақ мүшелеріне қатысты, сондықтан балалар оториноларингологына тұрақты түрде және мүмкіндігінше профилактикалық мақсатта бару керек.

Суық тию ауруларының белгілері (жөтелу, мұрынның бітелуі, түшкіру және басқалар) бар айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты болдырмау.

Қайнаған немесе бөтелкедегі суды тұтыну қажет.

Суық тию, ашығу, ұйықтамау, күйзеліс және т.б. жағдайларды болдырмау.
Ауруды емдеуден гөрі алдын-алу оңай екенін есте ұстаған жөн!

Related Posts

Жаңалық

Үкімет басшысы өңір әкімдеріне еңбек жәрмеңкелерін жүйелі өткізуді тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов өңір әкімдеріне еңбек жәрмеңкелерін жүйелі өткізуді тапсырды. «Өңір әкімдері бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін жүйелі түрде өткізіп, Астанада іске асырылып жатқан «Жолтап» пилоттық жобасын үлгі ретінде
Жаңалық

Китайские инвесторы запускают проект по производству алюминиевых профилей в Алматинской области

В Алматинской области запланировано реализация нового инвестиционного проекта по производству алюминиевых профилей, окон и дверей с участием инвесторов из Китая. Для обсуждения деталей этого важного проекта директор Палаты предпринимателей «Атамекен»
Жаңалық

Алматы облысында сібір жарасына қарсы 400 ден аса адам екпе алды

  Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов облыстағы аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиялық маусамға дайындағы туралы баяндады. Өңірдің бас санитарының айтуынша, жұқпалы аурулардың ең
Жаңалық

Каратурукский сельский округ: пример успешного развития и инноваций

В Каратурукском сельском округе Енбекшиказахского района, находящемся в Алматинской области, активно развиваются сельскохозяйственные и предпринимательские инициативы, что делает его одним из ведущих населенных пунктов в Казахстане. Центр яблоневых садов Село