Жетісу облысыҚоғам

ҰҚК Шекара қызметі азаматтарды әскери қызметке шақырады

Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР ҰҚК Шекара қызметіне әскери қызметке шақыру туралы баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің кадр бөлімінің бастығы Асқар Талғатов пен кадр бөлімінің консультанты Әсет Базарбеков түсіндірді.

Қазіргі уақытта мектеп түлектеріне шекарашы офицері болу үшін ҚР ҰҚК Шекара академиясына, сондай-ақ, Ресей Федерациясы мен Түрік Республикасының әскери оқу орындарына іріктеу жүзеге асырылады. Оқуға түсу үшін қажетті құжаттарды қабылдау, медициналық куәландырудан өту, дене шынықтыру дайындығы деңгейін тексеру, кәсіби жарамдылығын тексеру, арнайы тексеруден өту жүргізіледі. Конкурстық іріктеудің қорытындылары бойынша кандидаттың рейтингі негізінде қабылдау комиссиясының шешімімен жүргізіледі.

«Оқу  орнын  бітірген  соң офицерлерге айсайынғы ақшалай төлемақы, қызмет өткеру кезеңінде қызметтік тұрғын-үймен немесе ҚР заңнамасына сәйкес тұрғын-үй төлемдерімен, Біріңғай ұлттық зейнетақы фонды міндетті түрде төлем ақысыз, жыл сайынға ақшамен өтемелі демалыспен, киім-кешек, тегін дәрігерлік қызмет секілді әлеуметтік жағдайлар қарастырылған», — деді Асқар Қайратұлы.

Сондай-ақ, офицер атағын алу үшін  жоғары білімі бар азаматтық және келісімшарт әскери қызметшілерін ҰҚК Шекара академиясында 6 айлық курста «лейтенант» әскери атағын бере отырып, 80 тыңдаушыны даярлау мәселесі пысықталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі запастағы офицерлер арасынан әскери қызметке кандидаттарды іріктеуді жүзеге асырады. Әскери қызметке шақырылуға 29 жасқа, медициналық қызметі мамандары – 32 жасқа дейінгі запастағы офицерлер жатады. Әскери қызметке шекті жасынан аспаған запастағы офицерлер шақырылады. Медициналық, байланыс және ақпараттық технологиялар, мал дәрігерлері, тыл, техникалық және теңіз мамандары, психологтар, әскери тілшілер, қаржы және заңгер мамандары қажет етеді.

Ал, келісімшарт бойынша әскери қызметке 18-34 жас аралығындағы азаматтар шақырылады. Шекарашылар әскери қызмет негізінде шекара бөлімшелерінде өткізу пунктерінде, жағалау күзетінің кемелері мен катерлерінде, сондай-ақ, инженерлік бөлімшелерде қызмет ететін болады.

 

Related Posts

Жетісу облысы

Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

1-ші қыркүйектен бастап күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Ол жыл соңына дейін жалғасады. Жетісу облысында 1000-ға жуық азаматты әскерге шақырту жоспарлануда. Олар ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Шекара қызметінде, ІІМ, ТЖМ және
Жетісу облысы

Жетісу облысында ақпан айынан бастап мектеп асханаларын тексеру басталды

2024 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасы бойынша санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтер талаптарының сақталуына мектеп асханалары мен буфеттерін тексеру басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында
Жетісу облысы

Жетісу облысында он күнде 79 қылмыс тіркелді

Республика бойынша «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Нәтижесінде Жетісу облысында жалпы 79 қылмыс тіркеліп, оның  43-і  кезекшілік тәулікте  ашылды. Іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталды. Осындай ақпаратпен Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық
Жетісу облысы

Қазақстанда МИКС зерттеуі төртінші рет өткізілмек

2 қыркүйектен бастап ЮНИСЕФ әзірлеген Халықаралық мульти-индикаторлық  кластерлік  зерттеу  басталады. Ол  еліміз бойынша 24 мың үй шаруашылығын қамтиды. Бұл зерттеу осымен төртінші рет жүргізіліп отыр. Бұған дейін 2006, 2010 және