Жаңалық

Алматы облысында 200-ден аса ойын терминалдары жойылды

Бұл жөнінде экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысы Нұржан Исмагулов баспасөз мәслихатында баяндады.
Нұржан Исмагуловтың айтуынша, экономикалық қылмыстардың ерекшелігі мен көлеміне қарамастан, тіркелген оқиғалардың 80 пайыздан астамы электронды форматта.Тергеу жұмыстарының нәтижесінде,жүк көліктерін контрабандалық жолмен әкелу схемасы анықталды, 50-ден астам жүк көліктері жалған құжат негізінде тіркеліп, 180 млн теңге сомасында төленбеген кедендік төлемдер түрінде залал келтірген. Жалғастырылған жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жүйеге бұрмаланған мәліметтерді қасақана енгізілгені әшкереледі.
«Заңсыз ойын бизнесі, қаржылық пирамидалар, әлеуметтік желідегі алдап-арбау. Осындай көлеңкелі істе оңай олжаға кенелеміз деп опық жегендер азаяр емес. Заңсыз бизнестің құрбанына айналғандардан басқалар сабақ алмай келеді»,-дейді Нұржан Исмагулов.
Мәселен, шыққанына ұзақ жылдар өтсе де түрлі қаржы пирамидасына барын беріп, далада қалғандар да қатары да аз емес. Мысалы, пайызсыз несие береміз деген желеумен, 3 мыңға жуық инвесторды тартып, оларға 1,5 миллиард теңге көлемінде шығын келтірген «Елімай-2019» қаржы пирамидасы. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде пирамида ұйымдастырушылары ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Бұдан бөлек, казино сайты бұғатталып, ұйымдастырушыларға іздеу жарияланды. Нәтижесінде 1,5 млрд теңгенің мүлкі мен қаражаты, қымбат көліктер тәркіленді. Жалпы, соңғы уақытта 50-ге жуық заңсыз ойын орындары мен сауда нүктелері жойылды, 200-ден астам ойын терминалдары мен покер үстелдері заңсыз айналымнан алынды, екі мыңнан астам онлайн ойын алаңдары бұғатталды. Мемлекетке төленбеген салық түріндегі 7 миллиард теңгеден астам залал келтірген жалған шот-фактуралар жойылды.
Естеріңізге сала кетейік, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың белгілі фактілері туралы қаржы мониторингі агенттігінің сенім телефонына – 1458 немесе “АФМ Insider” телеграмм боты арқылы хабарласаңыз болады

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысының аумағында «Крещение Господне» православтық мерекесіне 15 ойық әзірленді

Христиан қауымның сенімі бойынша, 18-19 қаңтар күндері жер бетінде барлық су жаңарып, тазара түседі. Шіркеу қызметшісінің дұға оқылған,кірес батырылғын суға шомылған адамның рухы мен тәні тазарады. Десе де, дін қызметшілері
Жаңалық

Алматы облысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі

Апаттар мен оқиғалардың негізгі себептері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан орын алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің салааралық бақылау және
Жаңалық

Алматы облысында биыл ауылшаруашылығы саласында 11 инвестициялық жоба іске асырылады

  Агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларға кредит беру бағдарламасын іске асыру бойынша ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және Алматы облысы әкімдігімен үшжақты шарт жасалды,деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Ауылшаруашылығы басқармасы
Жаңалық

«Мектепке жол»: Алматы облысында 14 мыңнан астам балаға материалдық көмек берілді

  Әлеуметті аз қамтылған отбасы балалары үшін мемлекеттік қолдау қашанда жоғары, әрі жүйелі. Жылда әр оқу жылының басында «мектепке жол» республикалық науқны бастау алады. Аймақтың атқа мінерлері мен атымтай жомарт