Жаңалық

Алматы облысы ормандарында биыл 7 рет өрт шықты

Өрт қауіпті кезеңінде орман шаруашылығы мекемелерінде 7 өрт оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Алматы облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат Кенжеханның айтуынша, табиғи өрт ауа-райының қолайсыздығынан, дала алқаптарында азаматтардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болып отыр.
«Қазіргі таңда тілсіз жауды болдырмау мақсатында департамент қызметкелері арнайы рейдтік іс-шаралар өткізуде. Шараға азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі ,орман мекемелері мен ЖАО-дан 81 адамнан тұратын 18 мобильдік топ құрылып, жұмыстар тұрақты жүргізілуде», – деді ТЖД өкілі Самат Кенжехан.Спикерлер, өрт қауіпсіздігін жіті бақылау облыс көлеміндегі ауқымды жұмыстардың бірі екенін айта кетті.
Мәселен, «Amanat» партиясы Алматы облыстық филиалының саяси бөлімнің меңгерушісі Ержан Нұрпейісовтың айтуынша, 2023-2024 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламада Алматы облысына 22 өрт сөндіру бекеттерінің құрылысы, халықты хабардар етуге 438 сирена-дыбысты қондырғылар сатып алу көзделген.
Сонымен қатар,департамент өкілінің айтуынша, орман алқаптары мен егіс алқаптарының айналасын күту бойынша жұмыстар жалғасуда. Нәтижесінде, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып 131 елді-мекенге іргелес аумақтарда құрғақ өсімдіктер мен жаңғыш қоқыстардан тазартылды.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында қызылшаға қарсы екпе жүріп жатыр

Қазіргі таңда қызылша сырқаттанушылығы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі. Бұл туралы Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов пен Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Айтуларынша,
Жаңалық

«Таза Қазақстан»:  бір айдың ішінде Алматы облысы қалай түрленді?

  Мыңдаған тонна қоқыс, жүздеген гектар тазартылған жер мен онмыңдаған жаңа отырғызылған ағаштар -  облыста кең ауқымда өткен «Таза Қазақстан» акциясының нәтижесі осындай. Барлық абаттандыру салаларын қамтыған акция барысында 19
Жаңалық

Каратурукский сельский округ: пример успешного развития и инноваций

В Каратурукском сельском округе Енбекшиказахского района, находящемся в Алматинской области, активно развиваются сельскохозяйственные и предпринимательские инициативы, что делает его одним из ведущих населенных пунктов в Казахстане. Центр яблоневых садов Село