Жетісу облысыМедицина

Талдықорғанда инвесторлар өз қаражаты есебінен заманауи онкологиялық орталық салады

Осыған орай облыс әкімі Бейбіт Исабаев, Денсаулық сақтау министрлігі, «Kazakhmys Holding» инвестор-компаниясы үш жақты меморандумға қол қойды.

Өз сөзінде Бейбіт Исабаев өңірде жаңа онкологиялық орталық салу туралы тапсырманы Ел Президенті Жетісу облысына келген жұмыс сапары барысында бергенін атап өтті.

— Әр түрлі нұсқалар болды. Алдымен біз салынып жатқан ғимараттың қолданылу мақсатын өзгертуді жоспарладық, онда облыс бөлінгенге дейін сот ғимараты болады деп жоспарланған болатын. Бірақ объективті себептерге байланысты бұл жоспарға сәйкес келмеді. Енді ол жерде 500 орындық емхана болады, бұл жаңадан кеңейіп келе жатқан шағын аудан үшін өте қажет. Біз Кербұлақ ауданында мыс өндіретін тау-кен байыту комбинатын салумен айналысып жатқан «Kazakhmys Holding» компаниясының басшылығымен жарты жыл көлемінде келіссөздер жүргіздік. Бұл — құны 1 трлн теңге шамасындағы үлкен инвестициялық жоба. Эдуард Викторович компания қаражаты есебінен онкологиялық орталық салу жөніндегі ұсынысымызды қолдады. Бүгін біз арнайы меморандумға қол қою арқылы уағдаластығымызды ресми түрде бекітеміз. Жалпы онкологиялық аурулар жүрек-қан тамыры ауруларынан кейінгі 2 орында тұр. Бұл біздің аймақтың немесе елдің ғана емес, бүкіл әлем көлеміндегі өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан қазіргі заманғы онкологиялық орталықтың құрылысы онкологиялық аурулармен күресудің жүйелі шарасы ретінде аса қажет деп білеміз, — деді облыс әкімі.

Ең маңыздысы – орталықты заманауи материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету. Бұл мәселеде Денсаулық сақтау министрлігі жәрдемдеседі.

Облыс басшысы кадр мәселесі ерекше өзекті екенін тілге тиек етті. Жетісуда заманауи онкологиялық орталықты салу туралы шешім қабылданғанға дейін бекітілген Кешенді жоспардағы белгіленген жабдықтар ендігі жерде жеткіліксіз болатынын, қосымша қажеттілік тағы да артатынын айтты. Денсаулық сақтау министрлігі мен мамандандырылған институттың өкілдері осы екі мәселені шешуде қажетті қолдау көрсетілетініне сендірді.
Кездесу соңында үш жақты меморандумға қол қойылды.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында іске асқан әлеуметтік жобалардың қорытындысы жарияланды

«Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты шеңберінде төрт әлеуметтік жобаны іске асырды. Бірлестік өкілдері Бақыт Қалиева мен Дархан Асқанбаевтың жұмыс қорытындылары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің
Жетісу облысы

Алакөлде мемлекеттік сыйлық лауреаты дауыс берді

Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округінің тұрғыны, Мемлекеттік сыйлық иегері, Алакөл ауданының Құрметті азаматы Қайныш Таңатова №58 учаскеде дауыс берді. Қайныш Таңатова бүгінгі референдум еліміздің тарихында қалатын маңызды оқиғаның бірі екенін
Жетісу облысы

Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. Аутизм — үкім емес

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпаратты тарату күні. Бұл күн БҰҰ шешіміне сәйкес, 2008 жылдан бастап әлемде аутизммен ауыратын балалар мен ересектердің проблемаларына қоғам назарын аудару мақсатында Аутизм туралы
Жетісу облысы

Жетісу облысында құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған жаңа жоба жүзеге асырылады

Жетісу облысының тұрғындарын қоғамдық бақылау саласындағы құқықтық сауаттылықтарын арттыру үшін жаңа жоба жүзеге асырылмақ. Басты мақсат - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және оларда қоғамдық бақылау саласында дағдыларды қалыптастыру бойынша оқыту