Жаңалық

Талант пен ерекшелік: Қонаев қаласындағы дарынды оқушылар жетістіктерінің форумы

2024 жылдың 13 маусымында Қонаев қаласының Мәдениет үйінде «Дарынды оқушылар жетістіктері форумы» атты айтулы шара өтті. Бұл дарынды балаларды қолдауға және ынталандыруға бағытталған шара.
Халықаралық, республикалық олимпиадаларда өңіріміздің абыройын асқақтатқан 145 оқушы үшін, оқу жылының аяқталуы ерекше таңданыс пен құрметке бөленуге себеп болды. Жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жатқан дарынды балалар санының ұдайы көбеюі, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім саласына ерекше көңіл бөліп, қолдау көрсетіп отырғанының көрсеткіші. Жоғары нәтижеге жетуге облыстың әр ауданындағы білім ошақтары, соның ішінде Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандары, «Арыстан» лицейі мен «Дана» жекеменшік мектептері жауапты. Облыс қазынасына көптеген марапаттар мен жетістіктер әкелген Әлханбек Малкеев атындағы облыстық «Білім-Инновация» лицейін ерекше атап өтуге болады. Шараға облыстық «Білім-Инновация» лицейінің мұғалімдері – Тамара Ещанова мен Аукенов Бекзат, Іле ауданы No38 мектептің заң пәнінің мұғалімі – Нарымова Лейла, Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат No1 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі — Нұртай Ерназар қатысты.
– «Мектеп қабырғасындағы биік жетістіктер – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім саласына деген ерекше көзқарасы мен қолдауының жемісі. Соның арқасында облысымызда білім саласы жүйелі дамып келеді. Өткен оқу жылында білім сапасы 67,2% (2023 ж. – 65,8%) құрады. Биыл мектеп бітірген 14 мың түлектің 1206-сы «үздік аттестат», 946 бала «Алтын белгі» төсбелгісі иегері атанды», — деді өңір басшысы.
— «Еңбекшіқазақ ауданындағы №1 Рахат орта мектебінің оқушысы, ауылдық спартакиадада республика бойынша жалғыз «абсолюттік жеңімпаз» Абдухамит Нұрисламды қоса алғанда, ерекше көзге түскен оқушыларды атап өткім келеді; «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Халел Муслим, Талғар ауданы Гагарин атындағы №8 мектеп-лицейінің оқушысы Алексанова Ангелина, «Арыстан» лицейінің оқушысы Әбдікеш Мирас, Қонаев қаласы орта мектеп-гимназиясының оқушысы Қойшыман Айзере, Іле ауданы 38-ші гимназия оқушылары Бекмұхамет Айша мен Фурсова Милана. Олардың таланты мен жетістіктері жиналғандардың мақтанышы мен таңданысын арттырды», — деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев. Салтанатты жиында жеңімпаздарға Алматы облысы әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етілді.
-«Мен Қонаев қаласының орта мектеп — гимназиясының оқушысымын. Дарынды балалар тізімінде болу мен үшін үлкен мәртебе! Ұстаздарымның көрсеткен қолдаулары мен берген білімдері арқылы мен болашақта көп жетістіктерге қол жеткізе алатыныма сенімдімін!», — деді Ағылшын тілі секциясы бойынша республикалық олимпиада жеңімпазы Қойшыман Айзере.
Іс-шара қорытындылау мен құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар еліміздің болашағы мен байлығы – дарынды балалардың баға жетпес жетістіктері екені еске салынды.

Related Posts

Жаңалық

Тәлімді де тағылымды кездесу өтті

Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен еліне еңбегі сіңген белгілі тұлға Куляш Абдезовамен кездесу өтті. Жастарға арналған шара «Болашақ жастардың қолында» тақырыбында өрбіді. Куляш Нусуповна 1968 жылы Жамбыл қаласындағы гидромелиотивтік-құрылыс
Жаңалық

МӘМС-тегі сақтандыру мәртебесі болмаса, науқасқа медициналық көмектен бас тартуға бола ма?

Сақтандырылмаған пациент ТМККК тізбесіне кіретін, бірақ МӘМС пакетінде медициналық қызметтерді ала алмайтын қызметтерді ала алады. Бұл туралы қордың Алматы облыстық филиалы өкілдері мәлімдеді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар аурулар
Жаңалық

Жетісу облысында екпеден бас тартқан балалар жаппай қызылша жұқтырып жатыр

Жетісу облысында қызылша әсіресе вакцина алмаған балалар арасында көп тіркеліп жатыр. Жетісу облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының дерегінше, жыл басынан бері қызылшаның 255 жағдайы тіркелген, оның 186-да сырқат зертханалық жағдайда
Жаңалық

МӘМС: миына қан құйылған 61 жастағы ер адамға ота жасалды

61 жастағы ер адамға барлық медициналық көмек МӘМС есебінен жүргізілді. Науқасқа ота жасаған нейрохирург-дәрігері Гизатуллин Марат Римұлының айтуынша, қан кету мидың ісініп, бас миының өзегінің қысылуына әкелген. Әдетте бұндай жағдай