Жаңалық

Алматы облысының ҚХА өкілдері су тасқынынан зардап шеккендерге 60 млн теңге жіберді

 

Қонаев қаласында Алматы облысы ҚХА-ның ХХІХ сессиясы өтті.
Шараны аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев жүргізді. Ұйымдастырушы – Алматы облысының қоғамдық келісім және даму орталығы.

Сессия барысында қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХА ХХХІІІ сессиясындағы «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты бірқатар кезек күттірмейтін міндеттерін талқылады.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстық Ассамблеяның мұрындық болуымен этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған 200-ден астам іс-шара өткізілгені атап өтілді.

«Облыстық ҚХА қызметі алдағы уақытта да бейбітшілікті, достық пен ізгілікті нығайтуға бағытталатынына сенімдімін. Біздің облыс бірлік пен қоғамдық келісімнің үлгісі болып қала бермек. «Жүректен-жүрекке» акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккендерге 60 миллион теңгеге жуық материалдық көмек көрсетіліп, 4 жүк көлігі мен 3 вагон гуманитарлық көмек жөнелтілді. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, ардагерлер мен мүгедек балаларға 23 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Бүгінгі таңда облыстық ҚХА жанынан 1176 адамды біріктіретін 141 Ақсақалдар кеңесі және 1200 адамнан тұратын 146 Аналар кеңесі жұмыс істейді.

Алматы облысында 105 этностың өкілдері тұрады, 26 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында МӘМС аясында бөлінген «Аңсаған сәби» квотасы 100 пайыз игерілді

Денсаулық  сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаеваның айтуынша, биыл өңірдегі 523  отбасыға осы бағдарлама игілігін көру мүмкіндігі берілген. Президент пәрмені сәбиді аңсап жүргендер талай отбасыға үміт сыйлағаны анық. Мәселен, 2022-2023
Жаңалық

Алматы облысында азық-түлік арзандады

Алматы облысында бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның төмендеуі тіркелді. Бұл туралы аппараттық кеңес барысында Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуаныш Бахытұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде
Жаңалық

WALS-2024: Қазақстанның ашық сабағы

Астанада өткен World Association of Lesson Studies басты конференциясы Қазақстанның ашық сабағы атанды. Алғаш рет посткеңестік кеңістікте Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының беделді халықаралық форумы өтті, WALS штаб-пәтері Астанада бес күн жұмыс істеді, ал