Жаңалық

Алматы облысында «Есірткісіз болашақ» айлығында 70 іс-шара өткізілді

26 мамыр мен 26 маусым аралығында өткен есірткіге қарсы айлықтың нәтижелері туралы облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ардақ Қайсаров баспасөз мәслихатында баяндады.
Спикердің айтуынша есірткіге қарсы айлық республикалық көлемде өткізілді.Алталмыш іс-шараға жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және жастар орталықтары қатысты.

«Бір айдың ішінде аймақта «Есірткісіз болашақ» қамқорлығымен 70 түрлі іс-шара өткізілді. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының көмегімен 30 спорттық турнир мен эстафета ұйымдастырылып, олардың көпшілігіне жасөспірімдер қатысты. Сондай-ақ, жастар-ресурстық орталығымен және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен 5 сурет конкурсы және есірткі сайттарының барлық түрлерін жарнамалайтын граффити бояу бойынша 18 акция өткізілді. Денсаулық сақтау және білім басқармаларымен бірлесе отырып, жастарға есірткі диспансері мен психикалық денсаулық орталықтарында «ашық есік күндері»ұйымдастырылды. Жазғы белсенді демалыс орталықтарында жасөспірімдермен кездесулер жүргізілді. Барлық іс — шараларда ақпараттық буклеттер, есірткіге қарсы атрибуттары бар футболкалар таратылды»,- деді Ардақ Қайсаров

.
Журналистердің көптеген сұрақтарына жауап бере отырып, спикер өңірдің құқық қорғау органдары заңсыз айналымнан 13 тоннаға жуық есірткі тәркіленгенін атап өтті, Олардың ішінде героин, марихуана, гашиш, «синтетика» және басқа түрлері бар
Арнайы жедел — іздестіру іс-шаралары барысында 28 есірткі сатушының қылмыстық әрекетін тоқтатып, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірумен айналысатын 6 адамды ұстады, сондай-ақ Қарасай, Іле, Жамбыл, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында бұрын жұмыс істеген 10 есірткі зертханасын анықтап, жойды, — деп атап өтті спикер.

Related Posts

Жаңалық

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күн» науқаны басталды

  «16 күндік белсенділік» атты екі аптаға жалғасатын науқанның басты мақсаты- тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Іс-шара 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтеді. Сандарды сөйлетсек, жаға ұстатарлық. Жыл басынан 3943
Жаңалық

Көкжөтел

Көкжөтел - бұл балалар мен ересектерде кездесетін, Bordetella pertussis бактериялармен шақырылатын қауіпті жұқпалы ауру. Инфекцияның таралу жолы - ауа тамшылы. Қоздырғыш түшкіру және жөтелу кезінде көп бөлінеді. Инфекция көзі көкжөтелмен
Жаңалық

Балқаш ауданында ет өндірісі 107,2%-ға артты

Алматы облысындағы басты аудандардың бірі - Балқаш. 28 елді мекен мен 15 ауылдық округ кіретін аймақтың негізгі экономикалық драйвері - ауыл шаруашылығы. Ақ күрішімен атақты ауданда өткен жылы нақты көлем
Жаңалық

Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталып келеді

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның ағашқы нақтамасымен 1016 жағдай тіркеліп, оның 721 зертханалық сараптамамен расталған. Олардың басым көпшілігі 5 жасқа дейінгі балалар, яғни 54,0%. Айта кетерлігі