Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында 415 қызметкердің құқығы қорғалды

2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында еңбек инспекциясы басқармасы қызметкерлердің жазбаша өтініштері негізінде 25 тексеру жүргізіп, 28 заң бұзушылық анықтады. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Жетісу облысы бойынша еңбек инспекциясы бойынша басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Еркін Дәулетұлы мәлімдеді.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмыс берушілер мен лауазымды тұлғаларға салған әкімшілік айыппұлдарының жалпы сомасы 11 миллион 100 мың теңгеден асады. Барлық сомалар облыстың мемлекеттік кірістер органдарына аударылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде 415 жұмысшының құқығы қорғалып, 79 миллион 500 мың теңгеден астам еңбекақы төленді.
Спикер өз баяндамасында сондай-ақ бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыс кәсіпорындарында өндіріске байланысты 8 жазатайым оқиға орын алып, 13 адам зардап шеккенін хабарлады. Оның ішінде 8 жұмысшының жағдайы ауыр, 5 жұмысшының жеңіл түрі анықталды, жұмыс орнында қаза болғандар тіркелмеген.
Сонымен бірге Еркін Дәулетұлы жалақыны уақытылы төлемегені үшін жұмыс берушіге 150 АЕК-ке дейін әкімшілік айыппұл, жазатайым оқиға туралы хабарламағаны үшін 140 АЕК-ке дейін әкімшілік айыппұл салынатынын ескертті.

Related Posts

Жетісу облысы

2023 жылы Жетісу облысында 800-ден астам тұрғынды қаңғыбас ит қапқан

Жетісу өңірінде қаңғыбас иттердің қаптауы өзекті мәселелердің біріне айналды. Күн өткен сайын әлеуметтік желілерде азаматтардың арыз-шағымдары жазылған жазбалар қарқын алуда. Тұрғындардың қауіпсіздігін кім қамтамасыз етеді? Қандай шаралар қабылдау қажет? Жетісу
Қоғам

Жетісу облысында Балалар үйі білімгерлері «Өзіңе сен» атты әлеуметтік жобаға қатысты

Жетісу облысында 2023 жылғы шілде мен қараша аралығында "Айналайын" балалар үйінің түлектерін әлеуметтендіру және қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру" атты жоба іске асырылды. Басты мақсат - орталық қызметін ұйымдастыру, балалар үйінің
Жетісу облысы

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды тасымалдау мәселесі талқыланды

Ел  аумағында  әскери  және  арнайы  тауарлардың қозғалысы Қазақстан  Республикасының  Заңымен  реттеледі. Ол  Мемлекеттік кірістер органдарының  бақылауына  алынып, тауарлардың өтуі қадағаланады. Кедендік  тексеруден бекітілген тізіммен ғана өтетін өзіндік ерекшелігі бар тауарлар
Қоғам

Жетісу облысының спортшылары бір жылда 1760 медаль жеңіп алды

Жетісу облысының елді-мекендеріндегі 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені бұқаралық спортты дамытуға ықпал етуде. 2023 жылға облыстық бюджеттен осындай тағы 14 жаңа спорт нысанын салуға 8,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы Өңірлік