Жетісу облысыӨңірлер

Шегірткеге қарсы күрес: Фитосанитариялық жағдай бақылауда

Ауыл шаруашылығы саласындағы ең өзекті, күн тәртібінен түспейтін мәселенің  бірі  –  шегірткеге  қарсы күрес жүргізу. Егіс алқабын жайпап жатқан бұл жәндік Жетісу облысын да айналып өтпеді. Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Саят Сақмолдин және республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы облыстық филиалының басшысы Бақберген Атантаев айтып берді.

Биылғы жылы шегіртке тектес зиянкестерге қарсы 109, 416 мың гектар жерде химиялық өңдеу  жұмыстары жоспарланған. Химиялық өңдеу жұмыстарын «Авиасила» ЖШС 4 ұшақ,  жер үсті бүрку тәсілімен «Защита растений — К» ЖШС  7 жер үсті бүріккіш және жеке кәсіпкер «Бағжан» 7 жер үсті бүріккіш техникаларымен атқаруда.

«Аса қауіпті зиянкестердің ішінде облысымызда ауыл шаруашылығына ең қауіптісі  –  шегіртке тектес зиянкестер (Азиялық шегіртке және Итальяндық прус). Жалпы алғанда шегірткенің жаппай таралып, ауыл шаруашылығы жерлеріне айтарлықтай зиян келтіруі көптеген факторларға байланысты. Атап  айтсақ,  көп жылдық талдау негізінде, даму ерекшеліктеріне байланысты шегіртке тектес зиянкестердің жаппай таралуы әр 10-12 жыл ішінде байқалады. Сол кезең қазіргі уақытқа келіп тұр. Сондықтан қаншалықты қиын жағдай қалыптасса да, ауыл шаруашылық жерлерін шегіртке тектес зиянкестерден қорғап қалуға барлық жағдайларды жасауға міндеттіміз», — деді жауапты мамандар.

Бүгінде Жетісу облысы бойынша жоспарланған 109 мың гектардың 108 мың гектары өңделді. Облыс әкімінің Өкіміне сәйкес бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша жергілікті атқарушы органдар шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес шараларын ұйымдастыруға белсенділік танытып,  қомақты үлесін қосып отыр.

Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде облыс көлемінде ауыл шаруашылық егістіктер, шабындықтар мен жайылымдарға шегіртке тектес зиянкестерден зиян келгені анықталмады.

 

 

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ САРБАЗДАРЫ ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

Ел тағдырына қатысты маңызды оқиғадан Ұлттық ұлан әскери қызметшілері де қалыс қалмай, өз дауыстарын берді. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ел тағдырын шешетін бұл науқаннан тыс қалмады. Құқықтық тәртіп әскерінің жеке
Жетісу облысы

Жетісу облысында кене шағуының 470 жағдайы тіркелді

Жыл басынан бері Жетісу облысында 470 кене шағу тіркелді. Оның ішінде 230 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында орын алды. Кене энцефалитінің эндемиялық аймағына Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары
Жетісу облысы

Жетісу облысында ақпан айынан бастап мектеп асханаларын тексеру басталды

2024 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасы бойынша санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтер талаптарының сақталуына мектеп асханалары мен буфеттерін тексеру басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында
News

Мектеп оқушылары және студенттерге арналған жаңа жоба жүзеге асырылады

Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының тапсырысы аясында өңірде «Студенттік және мектептік өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені» жобасы іске асырылмақ. Қаржыландыру көлемі 22 млн. теңге, ал оған қамтылатын жастар саны
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *