Жетісу облысыҚоғам

Төтенше жағдайлар туындағанда «Дармен» мобильді қосымшасы халыққа хабардар етпек

Жақында Алматы қаласында кезекті жер сілкінісі болғандығы баршаға мәлім. Осыған байланысты облыстың төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері БАҚ өкілдеріне Төтенше жағдайлар кезінде өз-өзін қалай дұрыс ұстау керектігін айтып, іс жүзінде көрсетті. Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясына облыстық ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасының бастығы Қалдыбек Төлеұлы, облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Арыстанбек Туменов және облыстық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бас маманы Алихан Бушуков қатысты.
Қалдыбек Төлеұлының айтуынша, төтенше жағдай туындаған жағдайда басқарма халықты телерадио хабарларын тарату, сиренамен сөйлеу құрылғыларын іске қосу, SMS тарату және «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы хабардар етуді жүзеге асырады.
Төтенше жағдайларда ең бастысы – ең қауіпсіз орынды анықтау. Баспасөз-конференциясында Арыстанбек Туменов дабыл қағатын чемоданды қалай жинау керектігін көрсетті. Чемоданда адамның жеке басын растайтын құжаттар, су, консервіленген өнімдер, алғашқы медициналық көмек қобдишасы, ысқырық, гигиена құралдары, қосалқы киім және т.б. болуы керек. Сондай-ақ, апаттар медицина орталығының қызметкерлері төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтарға қалай алғашқы медициналық көмек көрсету керектігін көрсетті.
Өз кезегінде Алихан Бушуков Жетісу облысының су тасқынына қауіпті елді-мекендердің мониторингі туралы айтып берді. Мәселен, қазіргі таңда өңірде су басу ықтималдығы жоғары 31 елді мекен бар. Оның ішінде 22 елді мекенде қауіп азайды. Қалған 9 елді мекенде профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
«Бүгінде таулы аймақтардағы қар жамылғысының биіктігі 67 см-ге дейін, жазық аудандардағы топырақтың қатуы 68 см-ге дейін жетті. Бұл көрсеткіштер қар жамылғысының биіктігі өткен жылмен салыстырғанда 8 см-ге, ал топырақтың қатуы 47 см-ге аз екенін көрсетеді. Күндізгі және түнгі ауа температурасының болжамды жоғарылауы жағдайында шамадан тыс жауын-шашын мен қардың қарқынды еруі көлбеу ағындардың пайда болуына және өзендердегі су деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Бұл елді-мекендерде жергілікті су тасқынына әкеледі. Сондықтан тұрғындарды қауіпті аймақтарда жүргенде мұқият және сақ болуға ескертеміз», — деп атап өтті Алихан Бушуков.

Related Posts

Жетісу облысы

ҚР Денсаулық сақтау Кодексіне өзгерістер енгізілді

Соңғы жылдары Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы субъектілердің қызметін бақылау мен қадағалауға қатысты бірқатар шешім қабылданды. Мемлекет Басшысы ҚР Денсаулық сақтау Кодексіндегі өзгерістерге 8 маусымда қол қойды. Бұл туралы Жетісу облысының
Жетісу облысы

Жетісулық дәрігерлер екі баланың өмірін құтқарып қалды

Көпсалалы облыстық балалар ауруханасына 27 наурыз күні 3 жасар екі бала әртүрлі дене жарақатымен түскен. Бірі 4-қабаттан құлап, ауыр жарақат алса, екіншісі септикке түсіп кеткен. Мамандар шұғыл әрекет етіп, дер
Қоғам

Жетісудағы «Азаматтарға арналған үкімет» миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті

2018 жылдың мамыр айында халыққа қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік, жер кадастры ғылыми-өндірістік және зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтары біріктіріліп, ««Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта
Жетісу облысы

Лепсі ауылының әрбір бесінші отбасы омарташы

Алакөл ауданының әкімшілігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан пресс-турдың алғашқы нысаны Лепсі ауылындағы бал өндіретін «Лепсі өнімдері» ЖШС болды. Экологиялық таза бал өндіретін кәсіпорын қазіргі уақытта жылына 300 тоннаға дейін бал өнімін