Жетісу облысы

Жетісу облысында жаңа су шаруашылығы нысандарын салу жоспарлануда

Облыста  жаңа  су шаруашылығы нысандарын салу, ирригациялық желілерді қалпына келтіру  және реконструкциялау жөнінде іс-шаралар қабылдау мәселелері көзделіп отыр.

Атап  айтсақ,  Ақсу ауданында Биен өзеніндегі су қоймасының құрылысы, Ескелді ауданында «Балықты» су қоймасын салуды қажет етеді. Панфилов ауданына Қорғас өзеніне, Өсек өзеніне және Тышқан өзеніне үш су қоймасы салынбақ.

Алакөл  ауданында  2000  га жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізу үшін Жаманты өзенінің су қоймасының құрылысы, Көксу ауданында Быжы өзенінің  су қоймасының құрылысына жергілікті атқарушы орган есебінен тэхнико-экономикалық негіздеме жасалуда. Алдағы уақытта жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізіледі.

«Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында 9 300 гектар егістік бар, оның 2 500 гектары тамшылатып суарумен және 6 800 гектары шашыратумен қамтылған», — деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» РМК Жетісу филиалының директоры Саят Құдайбергенов.

Related Posts

Жетісу облысы

Өрттің 65 пайызы жылыту маусымында орын алады

Жетісу облысында жылыту маусымы басталғалы 16 өрт оқиғасы орын алған. Өңірде 2024-2025 жылға жылыту маусымына орай жеке тұрғын үй секторында өрттің алдын алу жоспары әзірленіп, бекітілді. Өткен жылғы жылыту кезеңінің
Жетісу облысы

 Жетісу облысында 8 қаржы пирамидасы анықталды

Жыл басынан бері Жетісу облысында 1200-ге жуық заңсыз контент анықталды. Оның ішінде 8 қаржы пирамидасы бар. Қазіргі уақытта олардың барлығы бұғатталған. Бұл  туралы  Өңірлік  коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Жетісу облысы
Жетісу облысы

Жетісу облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Жетісу өңірінде жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті жақсарту және жол ережелерін бұзудың алдын-алу мақсатында 5 ақпан мен 29 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы Жетісу облысының Полиция департаменті
Жетісу облысы

Мемлекет басшысының тапсырмасымен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Қаратал ауданында бірқатар жұмыстар атқарылуда 

2023 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 76 адамның құжаттары қабылданды, (жалпы сомасы 413 млн. 800 теңге.) Оның ішінде: ауылшаруашылығы бағытында 72 адам 386,1 млн теңге және 4 адамға басқа бағыттарда