Жетісу облысыӨңірлер

 Жетісу облысында 8 қаржы пирамидасы анықталды

Жыл басынан бері Жетісу облысында 1200-ге жуық заңсыз контент анықталды. Оның ішінде 8 қаржы пирамидасы бар. Қазіргі уақытта олардың барлығы бұғатталған. Бұл  туралы  Өңірлік  коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Еркін  Тюмелиев  және  департаменттің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Ербол Құрманбаев айтып берді.

Күдікті жобаларды немесе контенттерді тексеру үшін «Байқа пирамида!» жобасы іске қосылды. Соның  нәтижесінде қаржы пирамидаларының негізгі саны анықталады. Айта кету керек, телеграм-бот 2023 жылдан бері жұмыс істейді. Сондай-ақ, азаматтар смартфондарына жүктей алатын және күдікті сайттарды немесе жарнамаларды байқаған жағдайда тексере алатын қосымша бар.

Еркін Тюмелиевтің айтуынша, қаржы пирамидаларының негізгі белгілері әлеуметтік желілердегі агрессивті жарнама. Өте жоғары кірістілік және бұрын-соңды болмаған пайыздар, салымшыларды тартқаны үшін сыйақылар уәдесі, жоба «ноу-хау» түрінде ұсынылады. Бұл ұйымдар азаматтарды және олар жинаған қаражатты өзіне тартады. Көбінесе жоғары дивидендтер бойынша салымдар насихатталады.

«Қазір  өңір бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Тексеру үшін жергілікті атқарушы органдар, білім беру, денсаулық сақтау мекемелері, діни қызметкерлер, қоғамдық бірлестіктер мен блогерлер қатысады. Профилактикалық аудио және бейнехабарламалар халық көп жиналатын жерлерде және облыс блогерлерінің интернет беттерінде таратылады», — деп қорытындылады Ербол Құрманбаев.

 

 

Related Posts

Жетісу облысы

«Айсұлудың» қыздары-ай!

«Айсұлу» тігін фабрикасының 70 қызметкері ұжым болып дауыс берді. Талдықорғандағы №402 референдум учаскесіне келіп, дауыс беріп жатқан адамдардың қарасы көп. Солардың қатарында белсенділік танытып, дауыс беруге ұжыммен ұйымдаса келген мекемелер
Жетісу облысы

ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ЖАСАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Азаттықтың ақ таңы атқан елде өмір сүру – ең үлкен бақыт. Себебі адамға тәуелсіздіктен, азаттықтан, бостандықтан асқан  қымбат қазына жоқ. Осынау Тәңірдің берген тәтті сыйының, қымбат қазынасының бағасын асырып жүрейік
Жетісу облысы

Мәртебелі театр – өркениеті өскен елдің еншісі

Бүгін 27 наурыз - Халықаралық театр күні. Бұл мереке ғұмырын сахнада өткізетін әртістердің ғана емес, өнерсүйер қауымның төл мейрамы. Мереке қарсаңында облыстағы өнер ордасының қарашаңырағы Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының
Жетісу облысы

Жетісу облысының 15 апатты-қауіпті учаскесінде Vidar камерасын бекіту жүйесі орнатылады

Бекіту камераларының негізгі бөлігі облыс орталығында орнатылған. Айта кетейік, 2023  жылғы 6 ақпаннан бастап Талдықорған қаласының автожолдарында 10 камера санында автоматты режимде бекітетін «VIDAR SPEED-R» сертификатталған техникалық құралдары орнатылған 10