Жаңалық

Алматы облысында биыл 800 тұрғын үй қолданысқа беріледі

Көптің көкейіндегі тұрғын-үйге қатысты сауалдарға Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық энергитика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы Айдын Бегімбеков тарқатты.

Оның сөзінше, облыста 40 мыңнан астам азамат үй кезегінде тұр. Олардың 4 мыңнан астамы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен 11 мыңы көп балалы аналарды құрайды. Былтыр атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша, 214 пәтер кілті табысталса, биыл 821 баспана беру жоспарланғанын атап өтті. Сонымен қатар, спикер өңірде баспаналы болуға «Бақытты отбасы», «7-20-25», «5-10-20» бағдарламалар қарастырылғанын ескере кетті.

Баспасөз мәслихатында спикер тұрғын үй мәселелерінен бөлек, газдандыру,сумен қамту,энергетика салаларында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Спикердің айтуынша, өңірдегі басты мәселелердің бірі-газбен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда, газдандырудың өңірлік схемасы бойынша 284 елді мекен газдандыруға жатады.

«Биыл өңірді газдандыру пайызын 52,8% — ға дейін арттыру және 150 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Қалған 134 елді мекен «Алматы облысын 2030 жылға дейін газдандырудың өңірлік схемасына» сәйкес көгілдір отынмен қамтылады»,-дейді Айдын Бегімбеков.

Ал, тұрғындарды ауыз сумен толық қамтамасыз ету мақсатында былтыр 44 жобаны және су бұру бойынша 15 жобаны іске асыруға 31,0 млрд теңге бөлінген. Сонымен қатар, «Әрбір елді мекенде таза ауыз су» ұлттық жобасы әзірленді, облыс бойынша 2023-2025 жылдарға арналған 90 жоба енгізілді. Жоба аясында 2 қала және 79 ауылды елді мекенде желілерді қайта жаңарту, сондай-ақ 6 ауылда жаңа құрылыс жоспарлануда. Нәтижесінде, жабдықтау желілерінің тозуы 47%-ға дейін төмендеп, ауылдық елді мекендер орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 95% қамтылады деп атап өтті.

Related Posts

Жаңалық

Қонаевта жыл басынан мыңнан аса бала дүниеге келген

Қонаев қаласында демографиялық өсім жоғарылап келеді. Жыл басынан өңір орталығында 9 егіз туыпты.  Бақанастық Гауһар Нүсіпбай төртінші баласын құшағына алған ананың бірі. Төрт баланың үшеуі кесір тілігімен алынған екен. 28
Жаңалық

МӘМС: Пациенттерді қолдау қызметі туралы не білесіз?

Бүгінде әрбір емхана жанында Пациенттерді қолдау қызметі бар. Олар қажет болған жағдайда МӘМС, сақтандырылушының мәртебесін қалпына келтіру және медициналық көмек алу мәселелері бойынша кеңес бере алады. Пациенттер бетпе-бет келетін проблемалық
Жаңалық

Алматы облысының әкімі Сенат және Мәжіліс депутаттарымен кездесті

Облыс әкімдігіндегі алқалы жиында Алматы облысындағы соңғы жаңалықтар мен алдағы жоспар кеңінен талқыланды. Өңір басшысы туризм,  ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, кәсіпкерлік сынды  түрлі салаларды дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша қолға алынған
Жаңалық

Алматы облысында соңғы 6 айда 3000-нан астам жас жұмыспен қамтылды

Бүгінде Алматы облысында халық саны 1 млн. 540 мың 600 адамды құрайды, соның ішінде 14 жастан 35 жасқа дейін жастар саны 426 117 адамды құрайды. Аймақта жастарды жұмыспен қамту, NEET