Жетісу облысыҚоғам

Қазақстанда МИКС зерттеуі төртінші рет өткізілмек

2 қыркүйектен бастап ЮНИСЕФ әзірлеген Халықаралық мульти-индикаторлық  кластерлік  зерттеу  басталады. Ол  еліміз бойынша 24 мың үй шаруашылығын қамтиды.

Бұл зерттеу осымен төртінші рет жүргізіліп отыр. Бұған дейін 2006, 2010 және 2015 жылдары өткізілген. Жалпы мақсат – балалар мен әйелдердің жағдайын бағалау үшін қажет негізгі көрсеткіштерді жинау.

МИКС-қа еліміздің 20 өңірі қамтылатын болады. 2 қыркүйек пен 29 қараша аралығында еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 24 мың үй шаруашылығында сауалнама жүргізіледі.

Айта кетейік, Жетісу облысы бойынша 42 кластердегі 1008 үй шаруашылығына зерттеу жүргізіледі. Оның ішінде қалалық жерде 528  үй  шаруашылығы,  ауылды  мекенде  480 үй шаруашылығы бар.

Сауалнамадан алынған мәліметтер базалық көрсеткіштерді белгілеуге, мақсатты  анықтауға, ұлттық және халықаралық міндеттемелерді орындаудағы прогресті бақылауға мүмкіндік береді.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысының коммуналдық меншігінде 692 заңды тұлға тіркелген

- 445 мемлекеттік мекемелер және коммуналдық мемлекеттік мекемелер; - 130 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары; - 52 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары; - 57 КММ және МКҚК филиалдары; - 4
Жетісу облысы

Талдықорғанда 100 жасқа толған ҰОС ардагерлері дауыс берді

Бүгін 6 қазанға белгіленген референдум жай ғана шара емес, маңызды оқиға. Осындай маңызды күні Талдықорғанның ғасыр жасаған ҰОС-ның ардагерлері азаматтық парызын орындау мақсатында референдумда дауыс берді. Солардың қатарында Ысқақ Құсайынов,
Жетісу облысы

Жетісу спортшылары барлық деңгейлі жарыстардан бой көрсетіп жүр

Атап айтсақ, халықаралық, республикалық, облыстық жарыстардан 914 медаль жеңіп алды. Спортшыларға қолдау көрсету мақсатында жарыстарда жоғары нәтижелер көрсеткен үздік 214 спортшыға 55 мың теңгеден 443 мың теңгеге дейін ай сайын
Жетісу облысы

Бірлік – берекеге бастайды

Жаркент қаласындағы «Ұйғыр» этномәдени орталығының мүшелері ұлттық киім үлгісінде келіп, дауыс берді. Панфилов ауданындағы этнос өкілдері бүгінгі өтіп жатқан референдумға белсенді түрде атсалысып, саяси науқанға белсене атсалысуда. – Біз үшін