Жетісу облысыҚоғам

Жетісуда баспана алуға арналған жаңа бағдарлама жүзеге аспақ

Ауылды мекендерге арналған «Жерұйық» тұрғын-үй бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін алғашқы жарна – 10%. Бағдарламаның өтінімдерін қабылдау 10 қыркүйектен 10 қазанға дейін жалғасады. Алдын ала тұрғын үй заемының максималды мерзімі – 8 жыл, тұрғын үй заемы – 11 жыл, жалпы мерзімі – 19 жыл.

Бағдарламалардың негізгі талаптары: соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында атында үй болмауы, банктің талаптарына сәйкес келетін жылжымайтын мүлік түріндегі қосымша кепілдің болуы; міндетті зейнетақы жарналарымен расталған соңғы жұмыс орнында кемінде 6 ай жұмыс өтілінің болуы және облыста тіркелуі міндетті.

«Жетісу облысының тұрғындары биыл жаңа баспана ала алады. Ол үшін «Отбасы банк» АҚ облыс филиалымен бірге «Жерұйық» арнайы бағдарламасы әзірленді. Сондай-ақ, облыстық бюджеттен тұрғын үй бағдарламасына қатысушылары үшін тұрғын үй сертификаттарын ұсынуға 443 млн. теңге қарастырылып, ағымдағы жылы 257 азаматқа 250 млн.теңгеге тұрғын үй сертификаты ұсынылды.

Яғни, бағдарламаға қатысушылар арасында бастапқы жарнаға 10% мөлшерлемені енгізу мүмкін болмаған жағдайда сертификат берілетін болады. Сертификат сомасы 500 мың теңгеден 1,5 млн. теңгеге дейін қамтылады.

Аталған бағдарламаға аудандық, ауылдық округтер тұрғындары, аграрлық сектор қызметкерлері, мұғалімдер, медицина қызметкерлері және де мемлекеттік қызметкерлер қатыса алады», — деп түсіндірді Жетісу облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Баясыл.

 

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында «Крещение Господне» мерекесін тойлауға арналған 7 орын анықталды

Православиелік қауым үшін «Крещение Господне» мерекесі қазақтың «Қадыр түні» іспеттес. Наным-сенімдерге сүйенсек, жер бетіндегі суға қасиет дарып, түрлі сырқат атауынан сауықтыратын бұл мейрам қаңтардың 18-нен 19-на бет бұрған түнінен басталмақ.
Жетісу облысы

ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ БЕЛСЕНДІ ДАУЫС БЕРУДЕ

Бескөл ауылдық округі, Бұлақты ауылындағы №59 дауыс беру учаскесінде Удмурт елінің өкілі Ирина Дряхлова ел болашағы үшін дауыс берді. Ирина Дряхлова референдум болашағымыз үшін маңызды екенін жеткізді. – Референдумда халықтың
Қоғам

Азаматтарға жаңа тұтынушылық кредит беруге тыйым салынатын заң жобасы әзірленді

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірленді.
Жетісу облысы

Елімізде Еуропалық иммундау апталығы басталды

Елімізде сәуір айының 21-27 аралығында Еуропалық иммундау апталығы өтеді. Шара «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау» ұранымен ұйымдастырылады. Апталықтың мақсаты – вакциналарға тең және кең қол жетімділіктің